Жедел жәрдем жете алмайтын Орал қаласының маңындағы жолдар үшін жарты миллиард бөлінеді (БЕЙНЕ)

Сары Арқа кентінің тұрғындары (Деркөл ауылындағы жаңа құрылыс) оларға өткен жылы уәде етілген жолды талап етуге әкімдікке келді. Биылғы жылы қала әкімдігі оларға автобус маршруты жүретін бір көшеде ғана асфальт төсеуге уәде берді.

Сарыарқа кентінің тұрғындары қала әкімінің орынбасары Бекжан Тукжановпен кездесу кезінде

Қала әкімдігіне өз талаптарымен Деркөл ауылдық округіндегі жаңа құрылыс ауданының Сарыарқа кенті тұрғындарының бастамашыл тобы келді. Тұрғындар кент ішіндегі жолды асфальттау үшін билік қаржы бөлмейтініне наразы.

– Екі жыл бұрын бізге облыс әкімі болған Алтай Көлгінов келді. Ол сол кезде бізді ақша бар және жолға жобалық-сметалық құжаттама дайын деп сендірді. Сол кезде бізге барлық көшелерді асфальттауға 4 млрд теңге керек деп хабарлады. 2019 жылдың басында қала әкімдігі тамыз айында көшелерді асфальттауды бастайтынын хабарлады. Бірақ кейін тамыз келді, содан кейін — қыркүйек келді, ал біздің көшелерде техника пайда болған жоқ. Күзде жобада қателік кеткен оны түзетуге уақыт керек. Осы жылы ақпан айында қала әкімі Шыныбеков мектепте өткен есеп беру кездесулерінде биылғы жылы тағы да кентте жол салу болмайтынын айтты. Сондықтан біз бүгін мұнда сұрау үшін емес, талап ету үшін келдік себебі әкімдіктің сөзіне сенім жоқ. Олар бізді неше жылдан бері алдап отыр, – деді бастамашы топ қатысушыларының бірі Демалыс Бисекешев.

Ауыл тұрғындары қала әкімімен кездесе алмады. Соңғысы бос емес екен. Сол себепті қала әкімінің орынбасары Бекжан Түкжанов кент делегаттарымен кездесті. Ол өткен жылы осы кентте кварталішілік жолдарды салу бойынша жұмыстарды жобалаушылар жіберген қателіктерге байланысты кейінге қалдырғанын растады.

-Қазіргі уақытта қателіктер түзетілді, 3,4 млрд теңгенің жобалық-сметалық құжаттары бар. Бірақ бір мезгілде, мұндай қаржыны қалалық бюджетте табуға болмайды. Сондықтан біз бұл жобаны үш жылға кезең-кезеңімен жүзеге асыруды шештік. Биылғы жылы біз бірінші кезеңді 500 млн теңгеге жоспарладық. Бұл қоғамдық көлік бағыты салынған көшелерді ғана асфальттау. Қазір бұл жұмыстардың осы жылы міндетті түрде бастайтынына нақты кепілдік бере аламын. Наурыз айының соңында мәслихат сессиясы жоспарланған, сонда осы сұрақ талқыланатын болады. Егер қалалық мәслихат депутаттары жақтап дауыс берсе, онда ақша бөлінетін болады, біз бірінші кезең бойынша жұмысты бастаймыз, — деді Бекжан Түкжанов.

Қазіргі уақытта Сары Арқа кентінде Деркөлде жол жоқ. Жергілікті тұрғындар өз көліктерін Сары Арқа ауданымен жанасатын Сыған кентінің шетінде қалдырады.

– Бізде қазір кентте балшықтан балалардың бәрі бірдей мектепке бармайды, өйткені күн сайын балалардың біреуі аяқ киімсіз үйге келеді, себебі кіріп кеткен саз балшықтан шығара алмайды. «Жедел жәрдем» бізге жете алмайды. Автобустар да соңғы аялдамаға бармайды. Бізге тіпті таксистер бармайды. Сондықтан біздің кенттегі жол мәселесі — ең өзекті мәселе, — деді Демалыс Бисекешев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-10-19
Утром8.59 ℃
Днем12.2 ℃
Вечером8.35 ℃
Ночью7.75 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра5.69 м/с
2021-10-20
Утром4.83 ℃
Днем7.69 ℃
Вечером5.56 ℃
Ночью3.18 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.2 м/с