БҚО ветеринария маманы жарты миллион теңге жымқырған
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы ветеринария бөлімінің жетекші маманы Айнұр Сарекенова бюджет қаражатын жымқырды деп танылып, 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Liter.kz.тілшісі аймақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

«Ол өзінің карт-шотына еңбекақыны, сауықтыру жәрдемақыларын, материалдық көмек және іссапар шығындарын негізсіз есептеу арқылы жалпы сомасы 468 151 теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенген», — деп түсіндірді БҚО жемқорлыққа қарсы қызметінде.
Жәнібек аудандық сотының үкімімен Карекенова «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.