БҚО-да мем.қызметкерге шабуыл жаңа мəліметтермен толығуда. Аудан әкімінің орынбасары дау-дамайға тартылды (БЕЙНЕ)

Мемлекеттік қызметшіге шабуыл жасағандар компанияның тендерде жеңіліс тапқаны қақтығысқа себеп болғанын растады,оған аудан әкімдігі басшыларының бірі жеңіске уәде берген. Шенеунік шабуыл жасады деп айыптаған кәсіпкер оған жала жапқаны үшін сотқа бермек.

Нұрбеген Хасанов-тендерде ұтылған компания директоры. Сол түні ол мемлекеттік қызметкердің үйіне келді.

Нұрберген Хасанов – «PT GROUP Nur» ЖШС директоры. Ер адам мемлекеттік қызметкерге резонанстық шабуылға қатысты өз көзқарасын білдіру үшін «ОА» редакциясына хабарласуды шешті. Оның айтуынша, Асылан Даубаевқа ешқандай шабуыл болған жоқ, ол өтірік айтады.

Нұрберген Хасанов – «PT GROUP Nur» ЖШС директоры. Ер адам мемлекеттік қызметкерге резонанстық шабуылға қатысты өз көзқарасын білдіру үшін «ОА» редакциясына хабарласуды шешті. Оның айтуынша, Асылан Даубаевқа ешқандай шабуыл болған жоқ, ол өтірік айтады.

– Барлығы Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдин мен жол басқармасының басшысы Асылан Даубаевтың өздері тендер ұтып алуға уәде еткенінен басталды. Мен бұл уәде қандай жағдайда берілгенін айтпаймын,бірақ бұл факт болды. Соңында конкурс біздің компанияға құжаттардың толық жетпейтіндігін айтқанда, мен тез арады бұл олқылықтың орнын толтырдым. Дегенмен, уәде берген ұтысты мен алған жоқпын, – деді Нұрберген.

Өзін толық көрсетпеуді сұраған Нұрбергеннің серіктесі Болаттың айтынша, әкімнің орынбасары 2019 жылы тендерде ұтатындарын айтып немесе «көлемді жұмыс» ұсынып, қатысуға уәде берген.

– Нұрберген менімен тендер ұтысы болған жағдайда техниканы жеткізу туралы уағдаласты,мен басқа компаниядан сенімді тұлға ретінде қатыстым. Ол тендерге қатысу үшін кепілдік жарна алды және менімен техника туралы келісім жасады,себебі әкім орынбасары оны ұтысқа сендірді. Бірақ Қуаныш (әкім орынбасары) пен Асылан (жол жетекшісі) Нұрбергенді («PT GROUP Nur» ЖШС директоры) «лақтырып» кетті, — деді ер адам.

Жеңіліс тапқан компанияның директоры да конкурс нәтижелеріне шағым жасауға берді, алайда жағдай еш өзгермеді.

Одан әрі оқиғалар қарқынды түрде дамыды. 2 наурыз күні кешке Нұрберген өз әріптесін Федоров кафесінің біріне кешкі асқа шақырды. Кешкі ас кезінде Нұрберген ішкендіктен, жігіттер сау адам үйге дейін апарсын деп, жүргізушіге қоңырау шалуға шешім қабылдады. Айта кету керек, кешкі ас кезінде жол бөлімінің басшысы Нұрбергенге байқаудың нәтижелерін талқылау үшін келді. Болаттың сөзіне қарағанда, ер адамдар бір-бірімен керісіп әңгімелесуден кейін Нұрберген тамаққа оралды.

– Біз көлікке отырған кезде, Нұрберген жүргізушіге «үйге» дейін жол көрсете бастады. Мен тіпте де, Асланға бара жатқанымызды білмедім. Ауланың қақпасы ашық болғандықтан, біз ішке кірдік, Нұрберген шығып, үйдің есігін қақты. Мен жүргізушімен бірге машинада отырдым. Сол кезде Нұрбергенге есікті Асылан Даубаев ашты, олар тағы да бір нәрсе туралы сөз таластыра бастады,-деді Болат.

Нұрбергеннің айтуынша, сол кеште ол жай ғана Асыланға барып, жеңіліс тапқан конкурс туралы сөйлескісі келген. Бірақ ол мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы диалог үйлеспегеннен кейін, соңғысы пышақ алып шығып, Нұрбергеннің алдында айқайлай бастаған.

– Сол кезде мен де жүргізуші де машинадан шығып, керісіп тұрғандарды айырдық. Біз оларды ажыратқаннан кейін, біз жүргізушімізбен бірге Нұрбергенді машинаға отырғыздық, ал өзіміз Асланның ас үйіне өттік. Мен оның алдында кешірім өтіндім, Нұрберген жай ғана мас және ол эмоцияда болды деп түсіндірдім. Сол уақытта Нұрберген үйге кірді, ол да кешірім сұрады, бірақ Асылан ертең онымен сөйлесетінін айтты. Біз темекі шегуге шықтық, Нұрбергенді қайтадан машинаға отырғыздық, – дейді Болат.

Бір уақытта Асылан Даубаевтың ауласына ақ машина келді, ішінен екі жігіт пен Теректі ауданы әкімінің орынбасары (Қуаныш Шарафутдин) шықты. «PT GROUP nur» директоры үйіне келген соң Асылан Даубаев оларды шақырған екен. Болат, Асылан, Қуаныш және шақырылған екі жігіт үйге қайтадан кіріп, Болат Нұрбергеннің қылығы үшін кешірім сұраған. Асылан әкім орынбасарынан не істеу керектігін сұрады, ол полицияны шақыруға кеңес берді.

– Полиция келгенде, ешкім тығылмады, бізді куәландыруға алып барды. Полиция қызметкерлерінің алкотестерді пайдалануға арналған сертификатының жоқтығынан куәландыру алған жоқ. Сондықтан бізді АІІБ жеткізді, онда бізден бір-бірлеп жауап алды, біз сол жерде таңға дейін болдық. Таңертең бізді қайта куәландыруға апарып, одан кейін босатып жіберді, – деді Болат.

Ол сондай-ақ, полицияда ешқайда кетпеу туралы ешқандай жазылым бермегенін және қылмыстық іс тек Нұрбергенге ғана жүргізілгенін атап өтті. Бұдан басқа, ер адам Асылан Дабаевта проблемалары болуы мүмкін шешен Мұса туралы ақпаратты жоққа шығарды.

— Мұса-біздің ЖШС директоры, ол Нұрберген компаниясы үшін техника ұсынуға тиіс. Әңгіме барысында біз оны айтпағанбыз, мүмкін, Асылан оның атын тендерге арналған құжаттамадан көрген шығар, — деді ол.

Нұрберген Хасанов – Асылан Даубаевтың «ОА» айтқандарының бәрі өтірік деп, жала жапқаны үшін сотқа беруге ниетті екенін айтады.

— Мен оны да, аудан әкімінің орынбасарын да сотқа беремін. Асылан менің атыма күйе жақты, ол маған төлеуге тиіс 7 миллион теңгені, ол «ойдан» құрастырған. Жеті миллион жайлы тіпті сөз болған жоқ. Әрине, тендер нәтижесіне байланысты мен кейбір ақшаны жоғалтып алдым, бірақ дәл 7 миллион емес, – деді ер адам.

Сондай-ақ осы тақырып бойынша:

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-09-20
Утром4.91 ℃
Днем15.46 ℃
Вечером14.69 ℃
Ночью13.14 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.18 м/с
2021-09-21
Утром11.73 ℃
Днем15.44 ℃
Вечером18.73 ℃
Ночью15.19 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.2 м/с