Жабдықталмаған құрылыс алаңдары, лас трасса және шұрқ-тесік жол: БҚО әкімі қаланы абаттандыруды сынға алды (БЕЙНЕ)
БҚО әкімі Ғали Есқалиев 4 наурыз күні қала тазалығын тексерді. Құрылыс нысандарын аралап шығып, салынған жолдардың сапасына назар аударды. Сапар «Facebook»-те жеке парақшаға жазған тұрғындардың өтініштеріне байланысты ұйымдастырылды.

– Маған жол жөндеу сапасына шағымдар көп түсуде. Мысалы, Әлия Молдағұлова көшесіндегі жол (бұрынғы Гвардейская, автор. ескерт.) оның құрылысына қала бюджетінен ақша жұмсалды және КПО-дан ақша бөлінді. Жол салынды, бірақ әлі пайдалануға берілмегенмен, ол бойынша көптеген ескертулер түсуде, асфальт үгітілуде, кей жерлері толқын тәрізді. Барлық кемшіліктердің түзетілуін бақылауды тиісті органдар жүзеге асыратын болады. Мердігерлер өз міндеттемелерін орындауы тиіс, – деді Ғали Есқалиев.
Салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің маңындағы алаңдарда, Ғали Есқалиев арнайы техника үшін жуу жоқ екенін, ал нысаннан шыққан кезде, мұндай техника жол трассасының ластануына алып келеді деп атап өтті.
Облыс әкімінің назарын Назарбаев даңғылындағы «Пушкин»қонақ үйіне қарама-қарсы жеке дүкен ғимаратының лас қасбеті аударды.
– Барлық ғимараттар таза болуы тиіс, наурыз айының соңына дейін барлық қаланы ретке келтіруіміз керек. Биылғы жылы көктем ерте және ауа — райы жинауға мүмкіндік береді, – деді Ғали Есқалиев.
Тексеру кезінде Ғали Есқалиев 5 наурыздан бастап 14 мамырға дейін өтетін сенбіліктер кезеңі жарияланатынын хабарлады.
Мария Драчева
Бейне: Нұрлыбек Емранов