Оралда полиция айыппұлдарына байланысты септикті тартып шығару қызметі қымбаттады

БҚО ауылдарының бірінде септикті сору қызметі екі еседен астам қымбаттады. Белгілі болғандай, КСС-де болған апат салдарынан және полиция қызметкерлері салатын айыппұлдар кесірінен ассенизаторлы машиналар жүргізушілері бағаны өсірген.

Қалдықтарды төгетін жерге дейінгі жүргізушілерге уәде етілген жол жасалмады.

БҚО Зеленов ауданы Асан ауылының тұрғыны Михаил Тихонин ассенизаторлар қызметінің қымбаттауы туралы айтып берді. Оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы қалдықтарды шығару бағасы 2 еседен астам өсті.

— Бірнеше күн бұрын ассенизаторлар қызметі үшін 2-2, 5 мың теңге төледім. Жақында (ер адам редакцияға 5 наурыз күні хабарласты. автор. ескерт.) баға 6 мың теңгеге дейін өсті. Ассенизатор маған үйге келіп, бағаны айтқан кезде, мен осындай сомаға таң қалдым. Нәтижесінде онымен 5 мыңгеге келістім, – деді ол.

Ассенизаторлар қызметінің күрт қымбаттауына не себеп болғаны туралы ассенизатор машинасының жүргізушісі Асылбек Әнуаров айтып берді. Асылбек айтқандай, ассенизаторлар қызметінің бағасын көтерудің себебі КСС-дағы апат болды,себебі жүргізушілерге енді Зашағандағы қалдықтарды төгетін басқа орынға баруға тура келеді.

-Ассенизаторлардың бағасы енді қалдықтарды төгу үшін Зашағанға баруына байланысты көтерілді. Бұрын олар Алтын Алма базарына барған, онда тағы бір төгетін жер бар, бірақ қазір КСС-дағы апат салдарынан ол жұмыс істемейді, — деп түсіндірді жүргізуші.

«ОА» журналистерімен сөйлескен басқа ассенизаторлар Асылбектің сөзін растады. Олар сондай-ақ, бағаның өсуіне полицейлер шығарған лас доңғалақтар үшін айыппұл әсер еткенін айтты.

Асылбек 2-ші және 3-ші наурызда өткен жүргізушілердің наразылықтары немен аяқталғанын айтты. Оның айтуынша, билік келесі күні түске дейін қалдықтарды төгетін жерге жол салуға уәде берген, бірақ әлі күнге дейін (мақала жазу кезінде — 6 наурыз) жүргізушілер үшін жол жоқ.

Ассенизаторлар жүретін жолдың суреті. Наразылық күндерінен бері ештеңе өзгерген жоқ.

– Бірақ полиция қызметкерлеріне лас доңғалақ үшін айыппұл салуды тоқтату тапсырылды. Қазір жер де кепті, сондықтан орынға жету оңайырақ болды, — деді Асылбек.

Естеріңізге сала кетейік, ассенизаторлық машина жүргізушілерінің жаппай наразылықтары полиция қызметкерлері оларға лас доңғалақтары үшін жаза бастаған айыппұлдар салдарынан болды. 2-ші және 3-ші наурызда жүргізушілер Зашаған ауданындағы «Жәңгір Хан» сауда үйінің алдында әділетсіз айыппұлдарға қатысты өз наразылығын білдіру үшін жиналды (бастапқы айыппұл сомасы 2600 теңгені құрады- ред.ескерт.). 2 күн өткеннен кейін, жүргізушілер билікпен келісімге келді, алайда оларға жол салған жоқ.

Сондай-ақ осы тақырып бойынша:

Оралда ассенизатор көліктерінің жүргізушілері наразылығына полиция қызметкерлерінің айыппұлдары себеп болды

Алексей Воробьев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-08
Утром-4.72 ℃
Днем0.88 ℃
Вечером0.19 ℃
Ночью-0.68 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.33 м/с
2021-12-09
Утром-1.6 ℃
Днем0.28 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-0.85 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра6.93 м/с