4 баланың анасын қағып кеткен полицейге 5 жыл қоныс колониясын берді

Бүгін, 11 — наурыз күні, Оралда 2019 жылы 7 желтоқсанда автокөлігін мас күйінде жүргізіп, 4 баланың анасы 29 жасар Іңкәр Бектұрғанованы қағып кеткен полиция қызметкері Медет Рахадиловтың ісі бойынша үкім жарияланды. Сот бұрынғы полицейді қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотта айыпталушы бұрынғы сот процессіндегі сияқты медициналық бетпердемен отырды.

Судья Айжан Мырзалы үкім шығарды.

— Медет Рахаділов 2019 жылы 7 желтоқсанда сағат 03:00 шамасында, мас күйінде, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесінде «Audi B4» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жол ережесін өрескел бұзып, нәтижесінде Іңкәр Бектұрғанова қаза тапты. БҚО Орал қалалық сотының үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырып, жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді, — деп түсіндірді судья.

Медет Рахадиловты үкім жарияланғаннан кейін сот залынан әкетуде.

Айта кету керек, мұндай жаза қылмыстық кодекстің ескі редакциясы бойынша берілген, себебі қылмыс өткен жылы жасалған. 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап қабылданған Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясы бойынша ер адам 10 жылға дейін жүргізуші құқығынан айырып, 7 жылға дейін түрме бере алады. Медет Рахаділов сотта өз кінәсін толық мойындады. Қаза тапқан Іңкәрдің күйеуі Серік Бектұрғанов Медет Рахадиловты ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.

Сондай — ақ, Серік Бектұрғанов полиция қызметкері әділ жаза алды деп санайды, алайда «Мұндай мерзім-қазақстандық заңдардың әлсіздігі».

«Мұндай мерзім — қазақстандық заңдардың әлсіз жақтарының бірі» – деп есептейді қаза тапқан жанның жолдасы.

Сот үкімнен басқа, полиция қызметкерлері арасында алдын алу шараларын өткізу үшін, осындай құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында БҚО ІІД-нің атына екінші жеке қаулы шығарды. Бірінші қаулы10 жасар қызды мерт қылған жүргізушіге үкім жария етілгеннен кейін қала әкімі Абат Шыныбековке шығарылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, полицейдің қатысуымен ЖКО 7 желтоқсан күні болған. Күйеуі мен әйелі Зашаған ауданынан қонақтан қайтып келе жатқан. Олардың автокөлігінде бензин таусылып, жанармай құюға дейін «апатты» шамдарды қосып, көлікті итеріп бара жатқан. Осы уақытта әйел жүргізуші орнында отырған. Жанар-жағар май стансасына дейін 15 метрдей қалғанда, «Ауди» жүргізушісі үлкен жылдамдықпен келіп қаққан.

Қайтыс болған Іңкәр Бектұрғанова 29 жаста болды, оның Құдай сақтап тірі қалған күйеуі 40-та. Отбасы басшысы енді төрт баланы жалғыз өзі өсіретін болады, оның кішісі 2 жаста, ал үлкені — 11 жаста.

Бұл бір ай ішінде полицейлердің қатысуымен болған үшінші апат болды. 19 қараша күні полиция қызметкері патрульдік автокөлікте жаяу жүргіншілер жолында жақында ғана ауруханадан шыққан жас қызды қағып кеткен. Екінші оқиға Тасқала ауданында болған, онда полиция қызметкері да адамды қағып кетті. Бұл жол-көлік оқиғасы полиция қызметкерлерін жергілікті тұрғындар арасында сынауға себеп болды, атап айтқанда, генерал Махсудхан Аблазимов қатты сынға ұшырады. Қаланың кейбір тұрғындары тіпті оның отставкаға кетуін талап етті, алайда олардың талаптары қанағаттандырылмады.

Алексей Воробьев, Фото Нұрлыбек Емранов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-08
Утром-4.72 ℃
Днем0.88 ℃
Вечером0.19 ℃
Ночью-0.68 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.33 м/с
2021-12-09
Утром-1.6 ℃
Днем0.28 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-0.85 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра6.93 м/с