Тек құр бетон: Тасқала ауданында балалар салынып бітпеген спорт алаңында жаттығуда
4 жыл бұрын Тасқала ауданы Ақтау кентінде салынған спорт алаңы билік тарапынан пайдалануға берілген жоқ. Әкімдіктің айтуынша, мердігер ақша алып, аяқталмаған нысанды тастап кеткен. Дегенмен, балалар онда жаттығуды жалғастырады және бір кездері спорттық алаңды ретке келтіреді деп күтуде.

— Баланың аты бала, олар бәрібір де ойнауға барады, жүгіреді, содан кейін көгерген жарақаттармен келеді. Біз кейде қалаға келгенде салынып жатқан спорт алаңдарын көреміз, ал біздің балалар несімен төмен? Олар да айналысқысы келеді! Спорт жарақтарын уәде берді-ештеңе жоқ. «Қашан жасайды?» деп сұраймыз, ал бізге тек уәде береді, — деді Ақмаржан ауылының бір тұрғыны.
Ақтау ауылдық округінің әкімдігінде құны 7 380 800 теңге болатын алаң құрылысы тендерін «Строй Энерго Телеком» ЖШС Қызылорда фирмасы жеңіп алғанын айтты.
– Фирма жұмысын 2016 жылдың қараша айында аяқтауы тиіс еді. Мерзім соңына қарай суық болды, ауа райы нашар болды, сондықтан олар жұмысты кейінге қалдырды. Жалғастыру болмады. Әкім аппараты объектіні уақытылы тапсырмағасын компанияны сотқа берді және сот компанияға 206 662 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын ТӨЛЕУГЕ қаулы етті. Олар төледі. Қазір біз алаңды бітіру үшін сметаны дайындаудамыз. Содан кейін конкурс жариялаймыз. Кім жеңеді, сол жасайды, — деді Ақтау ауылдық округінің әкімі Нұрсейіт Белгин.

Әкімнің айтуынша, ауылда қосымша балалар алаңы мен стрит-воркаутқа арналған алаң пайда болуы тиіс. Бұған ақша бөлінген.
– Балалар алаңына 5,5 миллион теңге бөлінді. Биылғы жылы жасаймыз. Бұл алаңды да аяғына дейін жеткіземіз, жарық жүргіземіз, көгал төсейміз. Барлығы ретке келтіреміз, – деп сендірді ол.
«Строй Энерго Телеком» ЖШС-нің аудан бюджетіне төлеуі тиіс орындалмаған жұмысы үшін өтемақы сомасын Нұрсейіт Белгин «барлығы сот орындаушыларына» берілгендіктен айта алмады, салық төлеушілердің ақшасын бюджетке қайтара ала ма, соларға байланысты.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешімнің егжей-тегжейі белгісіз, себебі істі жауапкер «Строй Энерго Телеком» ЖШС-нің тіркелген жері бойынша Қызылорда экономикалық сотының қарауына берген.
Нана Иксанова