Ақсай тұрғындары көшелердің атауларын қоғамдық келісімсіз ауыстырғаны үшін әкімдікті сотқа берді
Өткен жылы 25 көшенің атауын ауыстырғаны үшін Ақсай белсенділерінің бастамашыл тобы қала әкімдігін сотқа берді. Топ мүшелерінің бірінің айтуынша, жұртшылық пікірін сұрамады, сондықтан қайта атау жарамсыз деп саналсын дейді.

Қалада жақында ғана ауыстыру болды, дейді Раиса Золотарева, бастамашыл топ мүшелерінің бірі.
– 28 қарашада біздің қалада көшелерді қайта атау бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Бұған дейін жергілікті БАҚ-та, олар туралы хабарланған жоқ, қандай көшелердің аты ауыстырылатынын түсіндірмеді де, сондықтан адамдар келмеді. Ал тыңдауларға жергілікті бірауыздан қолдап дауыс берген ПИК төрағалары мен шенеуніктер қатысты.
Оның айтуынша, нәтижесінде қаланың көптеген көшелері қайта аталды, олардың бірі Кеңес көшесі Әл-Фараби көшесі болып өзгертілді. Раиса Золотарева және бастамашы топ Ақсай әкімшілік сотына көше атауын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді, бұл іс бойынша келесі сот процесі 26 наурызда өтеді.
Ақсай әкімі Амангелді Тогызбаев көше атауларының өзгеруі талапқа сай орындалғанын, қала тұрғындарының өздері ауыстыруды сұрағанын айтады.
— Біз осы іс-шара туралы жергілікті халықты алдын ала хабардар ете отырып, барлық ережелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткіздік. Иә, жиналыста шенеуніктер де болды,бірақ олар да адамдар ғой, қала тұрғындары ретінде келді. ШЕШІМ БІРАУЫЗДАН ҚАБЫЛДАНБАДЫ — қайта аталуға қарсы айтылған адамдар болды. Тұрғындардан тыңдауларға 32 адам келді, олардың барлығы тіркелді және әрқайсысы қол қойды, — деп түсіндірді Амангелді Тоғызбаев.
Оның айтуынша, қайта аталулардан басқа тыңдаудың күн тәртібіне бюджет және басқа да әлеуметтік мәселелер кірді. Көшені қайта атау мәселесіне азаматтар жиналыстың соңына қарай көшті.
— Қазір көшелер қайта аталды, біз олардың аншлагымен жұмыс істейміз (мекен — жай тақтайшалары- ред. ескерт.). Талап арыз тек Раиса Золотаревадан келіп түсті, қазір сот талқылауы жүріп жатыр, — деді әкім.
Алексей Воробьев