БҚО денсаулық сақтау басқармасында басшы тағайындалды
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша Болатбек Каюпов басшы болды

Болатбек Амангелдіұлы Каюпов-51 жаста Білімі – жоғары. Ол Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен Болатбек Қаюповтың әр жылдары еңбек еткенін хабарлады.:
– Ақтөбе қалалық ауруханасының реанимациялық бөлімшесінің медициналық қызметкері;
– Орал облыстық клиникалық ауруханасының дәрігер-травматологы, дәрігер-хирург;
– «Талап» АҚ дәрігер-хирург, Орал қаласы;
– БҚО онкодиспансерінің хирургиялық бөлімінің меңгерушісі;
– Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ қалпына келтіру хирургиясы және трансплантология орталығының бас ғылыми қызметкері;
– Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ жасушалық технология және трансплантация орталығының басшысы
– Алматы қаласындағы кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрілік препараттарды клиникалық зерттеу инновациялық орталығының басшысы;
2018 жылдан бастап Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры.