«Қашықтықтан жұмыс кезінде жалақы толық көлемде төленуі тиіс» — ҚР Еңбек министрі
Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде еңбекақы толық көлемде төленуі тиіс, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов деп хабарлайды KazTAG.

«Бүгінде барлық кәсіпорындар, мемлекеттік және жеке меншік, меншік түріне қарамастан, қашықтықтан жұмыс режиміне көшуі тиіс. Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде жұмыс тәртібі, жұмыс уақытын есепке алу Еңбек кодексінің 138-бабына сәйкес анықталады. Жалақы қалыпты жұмыс режиміндегі сияқты төленуі керек. Яғни жалақы толық көлемде төленеді. Сонымен қатар, Еңбек кодексі жұмыс берушіні қашықтықтан жұмыс істеу үшін белгілі бір жағдай жасауға міндеттейді», — деді Нұрымбетов дүйсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, ол Қазақстанда қашықтықтан жұмыс неге енгізілгенін тағы да түсіндірді.
«Бүгінде Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы шектелетін болады. Жекелеген жағдайларда оған тыйым салынады. Осыған байланысты, әрине, жұмыс режимі өзгереді. Біздің жұмыс берушілерімізді өз қызметкерлерінің алдында әлеуметтік жауапкершілік көрсетуге және еңбек заңнамасының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге шақырғым келеді. Өз кезегінде, жұмысшылардың өздері өздерінің еңбек құқықтарын және олар қандай мөлшерде жалақы алуы керектігін білуі тиіс», — деп атап өтті Нұрымбетов.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмонияның белең алуы тіркелді, кейінірек COVID-19 (коронавирустің көптүрлігі) атуына ие болды. Соңғы мәліметтер бойынша, бірнеше елдерде 162 мыңнан астам ауру тіркелген және 6,4 мыңнан астам өлім жағдайы тіркелген.
