Ірі сауда нысандарын келушілерге бетперде беруге міндеттеді
Қазақстанның ірі сауда нысандары келушілерге бетперделерді тегін беруді қамтамасыз етуі тиіс, деп мәлімдеді ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, деп хабарлайды KazTAG.

«Ірі сауда объектілеріне келесі талаптарды сақтау қажет: өз аумағына келушілерді тек бетпермен (Маска болмаған жағдайда масканы тегін беруді қамтамасыз ету) жіберу және келушілерге коронавирусты алдын алу бойынша жадынамалар тарату; келушілердің жағдайын тұрақты мониторингілеу үшін барлық қолданыстағы кіреберістерде тепловизорлар орнату», — деді Сұлтанов дүйсенбі күнгі брифингте.
Ол азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық сауда нысандары (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер, шағын маркеттер, дүкендері) жұмыс істейтіндігін қайта қайталады.
«Олар бірқатар талаптарды сақтауға міндетті болады. Бірінші кезекте — күшейтілген дезинфекциялау режимін енгізу. Маңызды талап-кезекке тұруға жол бермеу. Ол туындаған жағдайда адамдар арасындағы қашықтық кемінде бір метр болуы тиіс», — деп атап өтті министр.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмонияның белең алуы тіркелді, кейінірек COVID -19 атауын алды. (коронавирустің көптүрілігі) Соңғы мәліметтер бойынша, бірнеше елдерде 162 мыңнан астам ауру тіркелген және 6,4 мыңнан астам өлім жағдайы тіркелген.
