«Азық-түлік дүрбелеңі тәртібі» Оралдағы бағаларға қалай әсер етуде

Соңғы күндері қаланың азық-түлік базарларында аласапыран байқалады. Адамдар ұн, май, картоп, макарон, жарма және қант сияқты әлеуметтік маңызды азық-түліктерге деген сұранысты көтергенін айтады. Қаладағы азық-түлікпен не болып жатқандығын «Орал апталығының» тілшілері анықтауға тырысты.

«Алтын-Алма»Базары.

«Сұра!»: Алтын-Алма базары

Ең алдымен біз қалалық көтерме саудасының «жүрегі» – «Алтын Алма»базарына бардық. Базарға бару үшін уақыт өте кеш болғанымен, түстен кейін, барлық жерде машиналарды: пакеттермен толтырылған жеңіл машиналар; ұн мен МАКАРОНДАРЫ бар «Газельдер», ал олардың арасында контейнерден контейнерге келіп, баға сұрап жүрген адамдарды көрдік.

Көк үрмелі күртеше мен ағарған джинси киген орта бойлы әйел адам көтерме контейнерлердің жанында телефон арқылы сөйлесуде.

«Әлібек! Нұржамал ғой! Май жоқ, секер жоқ! А? Жооқ, кымбат!,- деп ашулануда әйел.

«Сіз де қант іздеп жүрсіз бе?», — деп сұрадым мен.

«Иә, ештеңе жоқ! Манадан жүрмін», — деп ол, телефонмен сөйлесуін жалғастырды.

Біз фотографпен дүрбелең тудырған азық-түлік бағасын іздеуге аттандық, және таңқаларлығы тауарлардың бағасы барлық жерде жоқ.

Жемістер мен көкөністер бағасы өзгерген жоқ, және баға көрсеткіштері бар…
… бірақ картоп, ұн және қантқа бағасы өте сирек кездеседі.

«Сұрай бер!»,– контейнердің ішінен шыққан ер адамның даусы естілді. Ол сөрелерге ұн мен күріштің қаптарын салуда.

«Сізде қант бар ма? Қант қаншадан?»,– мен күтпеген жерден не айтарымды қалдым.

«1350 теңге, 5 кило қаптамасы үшін. Орыс қанты», – деді ер адам.

«Қымбат, кеше 1300 болды», – деді ол.

«Кеше ол, кеше болды», – деп ер адам күріш салуды жалғастырды.

«Міне, не істейтінін қараңыз! Сондықтан да баға жоқ, бағаны «ойдан» құрастыру деп аталады. Халықтың арқасында баю ғой бұл! Сол үшін жазалануы керек», – деп ханым көрші контейнерге кетті.

«Алтын Алмада» қант құмының килограммы 260 теңгеден 330 теңгеге дейін өзгереді. Және оны рафинадтан әлдеқайда сирек кездестіруге болады.

Сауда қатарының ішінде баға қымбаттаған. Мысалы, «Орыс рафинадының» килограммына 280-330 теңге немесе «жаңа піскен» картоп үшін 250 теңге. 5 литрлік күнбағыс майы бізге кездеспеді, бірақ үш литрлігі барлық жерде 1400-1600 дана бағамен сатылды. Макарондармен, ұнмен де бәрі жақсы. Олардың бағасы бұрынғыдай қалды: 10 килограмм ұн қабы үшін 1700-1900 және 10 килограмм жергілікті макарон үшін 700-900.

Ең қымбат бағамен жас «жаңа» картоп.
Әдеттегі құны арзан, бірақ төтенше жағдай жарияланғанға дейін екі есе қымбаттаған.

Соңына қарай бізді бағып, артымыздан жүрген ер адамды байқадық.

«Сіз кімсіз және бізді неге бағасыз?»,- дедім мен тағы да павильонда кездескеніде.

«Мен күзеттен, ал сіз кімсіз? Не түсіріп жүрсіз?»,– деп дүңк етті ер адам.

«Біз бағаны көтеруді қадағалаймыз, сізде қарбалас бар ма? Таңертеңнен адамдар көп қой?»

«Көп. Баға әдеттегідей. Ал таңертең камерамен «әкімдіктер» болды, ал сіз не істеп жүрсіз?»

«Ал біз фотоаппаратпен, сіздің атыңыз кім?», — деп едім.

«Ербол», – деп жауап берді ол.

«Рахмет Ербол», – деп біз машинамызға отырдық, Ербол бізді суретке түсіре бастады.

«Сізге неге соншама?»: Анвар супермаркеті және вокзал маңы базарлары

«Алтын Алмадан» кейін біз вокзал базарлары мен «Анвар»супермаркетімен жүріп өттік. Соңғысында халық көп болды, бірақ қанттан басқа, ерекше қымбаттау сезілмеді. Ол тек бір килограмм үшін 330 теңге бағасымен шағын қаптамада қалды. Бұл жерде қаптағы картоптың бағасы өзгерген жоқ – килограмына 79-85 теңге.

«Анвар»супермаркетіндегі рафинад бағасы.
«Анварда» картоптың бағасы өскен жоқ.

Вокзалдың көтерме сауда нарығында да қант тапшы: тек бір жерде ғана орта жастағы сүйкімді әйел бізге 5 килограм қапқа 1200 теңгеден қант сатып алуды ұсынды. Ал көтерме сауда базарының жанында жол бойындағы сауда павильоны орналасқан, оның жылы шатырының астындағы сатушылар «Анвармен» салыстырғанда әңгімешіл болды.

Вокзал маңындағы көтерме картоптың бағасы.

«Кеше Анварда көршіммен сөйлестім, сонда жұмыс істейді, бір ер адам ЖҮЗ (!) килограмм тұз сатып алмақ болған! Неге оған соншама? Ол дымқыл тартып, тас болып қалады ғой!»,- деп қарсы сөредегі дос қызына сатушы айтып жатты. – «Мен картоп, ұн, тушенка түсінемін… бірақ тұз!»

«Иә айтпа «өздеріне өздері істейді»! Ал, олар 30 килограмм қарақұмық сатып алады, ал онда қоңыздар пайда болады. Қандай пайда? Өз-өзіне үрей ойлап тапты, бағасы да көтерілді», – деп жауап берді ол.

«Кешіріңіз, картоп қаншадан?»,– деп мен әңгімеге кірістім.

«180 кило үшін», — деп сатушы «көтерген» бағаны атады және коронавирусты талқылауды жалғастырды.

Бұзыла бастаған картопты, айтпақшы, базарда да бір килограмм үшін 90-100 теңгеге сатып алуға болады.

«Бұрын оны тегін алуға болатын еді», – дейді фотограф.

«Иә?! Ал неге?», — деп түсінбеймін мен.

«Бұзып бара жатқасын. Ал енді қалыпты картоп сияқты тұр», – дейді ол.

Ұн бағасы сәл өсті — бір килограмм үшін 130-150 теңгеден 180-190 теңгеге дейін.

Жасанды дүрбелең

Біз редакцияға үнсіз және екі сезіммен оралдық. Бір жағынан, ештеңе өзгерген жоқ, ешқандай дүрбелең және азық-түлік жетіспейтіні жоқ. Ал екінші жағынан, бағаның болмауы, қанттың болмауы жасанды дүрбелең жасау, сенгіш адамдардың арқасында байып алу сияқты көрінеді. Және бұл сезім жиркенішті , өйткені, Қазақстанның шекарасындағы тауар айналымы жалғасуда, «темір шымылдық» тәртібі және басқа жетіспеушілік жоқ, бәлкім, көбі бұл туралы білмейтін болар.

Адамдар ұнды контейнерге жеткізгенше күтпестен, жүк көліктерінен тікелей сатып алуда. Алтын-Алма базары

16 наурыз күні БҚО кәсіпкерлік басқармасының басшысы базарлар мен супермаркеттердің иелерімен бағаның өсу себептерін анықтау үшін келіссөздер жүргізілетінін хабарлады.

Брифинг барысында Ернар Бекетов үрейге себеп жоқ екенін айтты. Сурет: Нана Иксанованікі.

«Облыста тауар тапшылығы жоқ. Олардың қоры толығымен қалыптасты және біз өзімізді қамтамасыз ете аламыз. Қазір БҚО-да тұрақтандыру қоры бар. Жалпы құны 289 миллион теңгеге бір мың тонна бірінші сұрыпты ұн, 50 тонна макарон өнімдері, 10 мың тонна тауық еті, 50 мың тонна күнбағыс майы және 500 тонна картоп сатып алынды. Қантқа байланысты, егер оны қоймада әдейі ұстап тұратыны расталса, кінәлілер қатаң жазаланатын болады», – деді БҚО кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ернар Бекетов.

Нана Иксанова

Фото: Артем Букреевтікі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-20
Утром6.64 ℃
Днем13.38 ℃
Вечером11.46 ℃
Ночью9.59 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра3.44 м/с
2022-05-21
Утром5.29 ℃
Днем11.09 ℃
Вечером10.81 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра9.25 м/с