«Үрей жоқ, бірақ мазасыздық сезімі кетпейді» — Төтенше жағдайлар кезінде сауда-саттықта жұмыс істейтін оралдықтар

Сауда үйлеріндегі сатушылар, дүкендер мен бутиктер иелері карантин кезінде өздерінің қорқыныштары туралы айтып берді.

«Қаржылық қиындықтар, қазір әрбір қадамда пайда болады,бірақ оларды түзетуге және уайымдамауға болады. Ал инфекциямен бұлай болмайды » / / / Фото Нұрлыбек Емранов

Республикада коронавирустық инфекция байланысты төтенше жағдай режимін жариялағаннан кейін, қазақстандықтардың атап айтқанда, Оралдық көптеген тұрғындардың үйреншікті тұрмыс салты өзгерді.

Төтенше жағдайлар туралы қаулы және шұғыл шаралар енгізу 16 наурыздан бастап өз түзетулерін, тәртіптерін, тыйымдар мен шектеулерді енгізді. Үлкен дүрлікпе ірі сауда нысандарының жұмысын шектеу туралы хабарлама туғызды. Сатушылар, бутиктер иелері мен дүкендерді жалға алушылар қазір жаңа «форматта» жұмыс істеуге бейімделеді. Бұл қалай болып жатқандарын «ОА» журналистеріне кейбіреулері айтып берді.

Қала орталығындағы сауда үйлерінің біріне баратын жолда біз аяқ киім дүкеніне кірдік. Бетіне бетперде киген жылы жүзді сатушы, сатып алушылар өте аз екенін айтты.

– Әрине, мұндай жағдайда адамдарға аяқ киім сатып алуға емес, қазір барлығы азық-түлік өнімдерді сатып алуға бел буған….Өз жақындары үшін, отбасы, ата-аналар мен балалар үшін. Құдай күшейтілген карантин бермесін, әйтпесе барлығына үйден шықпай отыруға тура келеді, – дейді сатушы.

— Ал сіз қорқасыз ба?

«Әрине, қорқамын, жоқ, мен дүрбелеңнен емес, бірақ қорқыныш бар.»//Фото Нұрлыбек Емранов

– Әрине, қорқамын, жоқ, мен үрейленбеймін, бірақ қорқыныш бар. Қазір мұндай жағдай күн сайын, бір сағатта тіпті бәрі өзгереді. Менде міне, күйеуім жұмыс істейді, оның ерекшелігі, ол кез келген жағдайда жұмыс істеу керек, өйткені, ол – дәрігер. Ал бұл дегеніміз, біздің жүріп-тұруымызға негіз бар деген сөз, бірақ күйеуім үшін де алаңдаймын, себебі мұндай уақытта медиктер алдыңғы шепте және күн сайын олар үшін тәуекел. Ал егер мен баланы жалғыз тәрбиелесем, тіпті бұл туралы ойласам да, қорқынышты бола түседі, – дейді әйел.

Біздің әңгімелесушімізге денсаулық пен амандық тілеп, біз одан әрі ілгері кеттік.Түскі ас уақытынан кейін болса да көшеде адам аз. Сауда үйінің жанындағы тұрақта да машиналар жоқ. Ішке кіріп, мен сатып алушылардың жоқтығына таң қалмаймын. Бетперде киген жігіттің кіре берісінде бізді қуанышпен тұрмыстық техникаға жеңілдіктер ұсынумен флаер тапсырады. Банкоматта үш адам тұр. Эскалаторда бетперде таққан екі күзетші селқос жағдайды қадағалап тұр. Еден жуушы, бір бутикті сүртіп болып өтіп бара жатып бізбен амандасты. Хлор немесе дезинфекциялау құралының иісі сезілді. Әйел мұны түсінгендей, тоқтады және түсіндіре бастады.

Жас жігіт келушілерді қуана қарсы алады / / / Нұрлыбек Емранов

— Міне, айналамдағылардың бәрін дезинфекциялап, арнайы құралмен сүртіп, еденді сүртіп болдым, қазір екінші қабатқа көтерілемін, ал бірнеше сағаттан кейін тағы да осылай жасаймын. Және бұл дұрыс. Қазір тек осы қажет, – дейді әйел екінші қабатқа көтеріле бастап.

Әйел адамның бетіндегі бетпердесі, басындағы орамалы және қолындағы қолғабы, оны санитарлық дәрігерге ұқсатады.

Косметика мен парфюмерия сататын бутиктегі қос келіншекке жақындадым, біреуі сатушы екіншісі де жалға алып сатып тұр. Мен олардың сатып алушылары көп пе,? деп сұрадым.

— Жоқ, бүгінде аз, ешкім жоқ. Кеше адамдар бірдеңе сатып алды. Барлығында косметикаға қарайтын уақыты жоқ. Бұл біз әлі жұмыс істейміз, басқа режимде болсын, бірақ жұмыс істейміз. Ал егер үйде отырсақ, білмеймін, маған моральдық жағынан және қаржылық қиын болар еді, Мен жалғыз өзім бала тәрбиелеп отырмын. Бірақ, әрине, денсаулық маңызды, бұл ең бастысы. Егер үйде болуымыз керек болса боламыз, инфекция бізді айналып кетсе екен. Бірақ, қалай болса да біз өмір сүреміз, соғыста да адамдар өмір сүрді және індетті біздің аталарымыз үлкен әжелермен басынан өткізді, бізде мұны өткізетін болармыз,-деп пайымдайды әйел.

Біздің әңгімеге басқа сатушы қосылады.

Сауда орталығында зергерлік сөрелер жабық, сондай-ақ ұялы телефон аксессуарлары сататын сөрелер

– Әрине, қаржы жағынан қазір өте қиын, өйткені коронавирустен басқа доллар қалай көтерілді, Иә, сіздер өздеріңіз де білесіздер…. Біз қазір таңартең сағат 10-нан, кешкі 6-ға дейін жұмыс істейміз. Бұрын 10-ға дейін жұмыс істедік. Мен мұны бұрын сатып алушылардың қызатын кезі кешкі алтыда болатын деп айтқым келгені, қазір біз осы уақытта үйге барамыз. Жұмыс толық емес, мүмкін біздің жалға алу бағамызды шегерер деп үміттенеміз…. Қазір шешіп жатыр бұл мәселені…. Осылайша, инфекцияның барлық жағдайы жылдам аяқталғанын және бізге ешкім де әсер етпейтінін қалаймын,- дейді әйел.

Екінші қабатқа көтеріліп, сауда орталығының ашық кеңістігінде орналасқан зергерлік сөрелер жабық, сондай-ақ ұялы телефондарға арналған аксессуарлар сататын сөрелер бар. Бірақ көзілдірік стендінде сатушы бар. Мен осы маусымдағы көзілдірік бағасын және жабық тұрған сөрелер туралы жабық сұраймын.

— Оларды төтенше жағдай кезінде жауып тастады, қожайыным жаппағасын тұрмын, жұмыс істеуге болатын болса тұра берем. Егер үйде отырсам, білмеймін қалай күн көремін, зейнетке шығуыма тағы 1,5 жыл бар. Мен күн сайын үш мың аламын. Содан кейін олардан тамаққа деп қалдырып, ал қалғанын айдың соңында жинақтаушы зейнетақы қорына аударамын зейнетақым көп болуы үшін. Бұл вирусты бізден артта қалу үшін күн сайын дұға етемін, – дейді әйел.

Көзілдірік сатушысымен қоштасып, бутиктерді аралап келеміз. Көптеген бутиктер жабық. Киім мен аяқ киім сататын ашығына кірдік. Бетперде киген жас қыз барлық жеңілдіктер бар дейді.

– Қазір бізде барлық ақша азық — түлік қорына кетеді, ал баға – «шыңғырып» тұр. Міне, біз жеңілдіктер жасауға шештік. Мүмкін, біреуге көктемге аяқ киім немесе киім қажет. Барлығы арзан болады, бұл ретте біздің тұрғындарға жағымды жасаймыз, әзірге жұмыс істейміз,- қыз ойланып қалды, содан кейін жалғастырды — қазір бәрі болуы мүмкін…. Коронавирустің бетін әрмен қылсын, бізге жетіп, үйде отырудан сақтасын… Ата-анам мен әжем үшін өте қатты уайымдаймын. Және де біздің барлық тұрғындар осылай. Қаржылық қиындықтар, қазір әрбір қадамда пайда болады,бірақ оларды түзетуге және уайымдауға болады. Бірақ инфекциямен бұлай болмайды, – дейді қыз.

Қыздың айтуынша, ол да саудада жұмыс істейтін жігітпен тұрады.

— Әрі қарай не болатынын білмеймін, бірақ егер біз үйде отырсақ, бізге материалдық қиын болады. Бірақ, біз бұдан да «өтерміз». Ең бастысы, бұл вирус біздің планетадан шығып, бәрі аман-сау болса екен, – деді киім мен аяқ киім сатушы қыз.

Мария Драчева

Фото: Нұрлыбек Емранов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-08
Утром-4.72 ℃
Днем0.88 ℃
Вечером0.19 ℃
Ночью-0.68 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.33 м/с
2021-12-09
Утром-1.6 ℃
Днем0.28 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-0.85 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра6.93 м/с