БҚО аумағында коронавирусты жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ
Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында коронавирусты инфекцияны жұқтыру жағдайы тіркелген деген ақпарат жалған болып табылады.

Бұл туралы БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен ресми түрде хабарлады. Сондай-ақ, Департаментте 18 наурызда Нұр-Сұлтаннан студент келгенін айтты.
— Қыздың температурасы жоғары болды, ол тамақтың қыруын сезінді. Бүгінгі күні температура жоқ, жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында, — деп хабарлады департаменттен.
Департаментте жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР заңнамасымен қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
