«Еріктілер жылы»: Оралда еңбек пәнінің мұғалімдері мектептерде бетперделер тігуде
Бұл туралы хабар аймақ журналистерінің арасындағы WhatsApp мессенджерінде тарады. Оған сәйкес, еңбек мұғалімдері ертеңгі күнге дейін әр мектептен 50 данадан тапсырылуы тиіс.
БҚО білім басқармасы бұл жағдайға түсініктеме берді.
«Еріктілер жылы» жобасы аясында Қалалық білім беру бөлімінен технология мұғалімдеріне бетперде тігу ұсынылды. Мұғалімдер бетперде тігуге өз еркімен келісті»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Неге карантин уақыты кезінде, еліміздегі төтенше жағдай режимінде мұғалімдерге мектепке жұмысқа шығып, бетперде тігу ұсынылды деген сұраққа, басқармада жауап бермеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БҚО индустриялық-инновациялық даму басқармасында жергілікті кәсіпкерлер аптасына 100 мың маскадан тігуге дайын екенін хабарлаған болатын. Алайда, билік тілшілерге «Ягуар» фабрикасын айтып, көрсеткеннен кейін екі күннен кейін ол жұмыс істемеді, ал көршілері төмендегі мата сатушылар, тігіншілерде шикізатының аяқталғанын айтты.
Нана Иксанова