«Азаттық Радиосының» тілшісі Мария Мельникованы полицияға алып кетті
Марияға берген шақыру қағазында, қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап беруге БҚО ПД 25 наурызда сағат 17.00-де келуі тиіс делінген. Журналисттің айтуынша, штаттағы адам шақыруды төрт жарымда берді.

– Мен кездесуге жиналып жатқанмын, маған ер адам келіп шақыруды табыс етті, – деді. Ол маған куәлігін көрсетті, бірақ мен атын есіме сақтай алмадым, кері сұрағанымда атын атаудан бас тартты. Адам формада болған жоқ, мені полицияға апаратын машина да ерекше белгілерсіз. Қарапайым «Нива». Бірақ бұл менің журналистік қызметке тікелей кедергі келтіру, — деді Мария «ОА» редакциясымен телефон арқылы сөйлескенде.
Біз полицияның баспасөз хатшысы Болатбек Белгібековпен байланыса алдық,ол жағдайды білмейтінін, бірақ өз болжамдарымен бөлісті.
— Мен қазір ауырып жатырмын. Дәл білмеймін, бірақ бұл Фейсбуктегі жариялымға байланысты деп ойлаймын (әңгіме Абай алаңындағы ескерткіш көрінбейтін ракурстан бейнеленген Facebook-тегі Марияның жеке парақшасындағы фото туралы болып отыр). Таңертең маған қоңырау шалды, иә, білемін,хабарласармын — деді полицияның баспасөз хатшысы.

Мария Мельникова – «Орал апталығының» бұрынғы тілшісі. Қазіргі уақытта БҚО-дағы «Азаттық Радиосының» өңірлік тілшісі болып жұмыс істейді. Өз жұмысында наразылық акцияларын жариялау кезінде бірнеше рет ұсталған.
Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау (ҚР ҚК 158-бабына сәйкес), адамның қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, 2 000 АЕК (5,02 миллион теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Нана Иксанова