Оралдағы ХҚКО өз жұмысын карантин кезінде тоқтатты
Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары төтенше жағдай кезінде өз жұмысын тоқтатты. Қала тұрғындары онлайн қызметтерді алатын болады.
Барлық ХҚКО-ның жұмысын тоқтату туралы тиісті тапсырманы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі комиссия отырысында айтты.
— Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 80% – дан астамы egov.kz. порталында қолжетімді сондай-ақ, кейбір қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильдік қосымшасында, eGovKzBot2.0 телеграмм — ботында және Facebook және Vk әлеуметтік желілерінде қолжетімді,-деп хабарлады ХҚКО-ның баспасөз қызметі.
Хабарламада сондай-ақ тұрғындар 1414 нөміріне қоңырау шалып, мамандармен кеңес ала алады. Бір мезгілде call-орталықтар мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда. Call-орталықтардың жұмыс кестесі-дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Қоңырау тегін. Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті алушылар ХҚКО-ның қызметкерлерімен бейнеқоңырау арқылы тіркелетін болады.
— Бұл ретте, азаматтар 21 наурызға дейін ХҚКО құжат тапсырғандар болса, дайын құжаттарды беру терезесі бойынша ала алады. Автокөлікті қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырған автокөлік иелері дайын құжаттар мен нөмірлерді өз қаласының мамандандырылған ХҚКО-нан ала алады.
Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.
Алексей Воробьев