Оралда автокешен салу үшін биліктің рұқсатынсыз ағаштарды кесіп тастаған
Жеке кәсіпкер Оралдың орталық көшелерінің бірінде автокешен құрылысы үшін 8 ағаш кесіп тастады. Ағаш кесуден кейін оның ағаштарды кесуге рұқсаты болмағаны анықталды.
Бірақ бұл «ДатТехСервис» ЖШС директоры Дәулет Айтқалиевқа Гагарин көшесіндегі ( №22, мектепке қарама-қарсы автобус аялдамасына жақын маңдағы) ағаштарды кесуге кедергі келтірген жоқ. Онда кәсіпкер автокешеннің құрылысын бастады.
Кәсіпкер ағаш кесуге рұқсат алмаған. Бұл туралы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің абаттандыру секторының жетекшісі Роман Жұмиев айтты.
— Бізге ағаштарды кесу үшін бөлімге ешкім жүгінбеді, – деді Роман Жұмиев.
Айта кету керек, журналистер кесілген ағаштардың орнында болды. Жер көлемі бетонмен құйылып, металл конструкциясының қаңқасы орнатылды. Алаңның жанында кесілген ағаштардың 8 түбі болды. Барлық көргендерден нысанның құрылысы басталды деген қорытынды жасау қиын емес. Кім және не салмақшы болғанын білу үшін қалалық сәулет бөліміне жүгіндік.
– «Автокешен мен құрастырмалы-жиналмалы құрылымды» орнатуға бізге Дәулет Айтқалиев өтініш берді. Оған сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) – құрылыс басталар алдында алынуы қажет негізгі нормативтік құжаттардың бірін берді. Бұдан әрі «БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен» келісілуі қажет нобайлық жобаны Дәулет Айтқалиевке бермеген, — деп хабарлады Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Ринат Ғұбайдуллин.
Дәулет Айтқалиев өзі салынып жатқан нысанның жанында техникаға кедергі келтірген соң жұмысшылар екі ағаш кескен деді.
– Ағаш кесу болған жоқ. Біз тек екі кепкен ағашты кестік және бұл ағаштардың -биіктігі 1,5-2 метр. Ал қалған ағаштарға кескен жоқпыз, олар құрылыс басталғанға дейін кесілген болатын, — деді Дәулет Айтқалиев.
Оның айтуынша, ағаштар сол жерде 50 жылдан бері.
— Олар кәрі болатын, менің ойымша, тіпті оларды ақтаудың қажеті жоқ. Мұндай ағаштар өте көп және оларды кесу керек, өйткені қатты жел немесе дауыл болса, олар құлайды. Ал сол жерде жаяу жүргіншілер жолы бар, ол арқылы мектеп оқушылары жолдан өтеді— деп түсіндірді Дәулет Айтқалиев.
Айтқалиевтің айтуынша, ол құрылыс орнында авто кешен немесе супермаркет болатынын әлі шешкен жоқ.
-Бірақ, ең алдымен, авто кешен. ТЖ режимінен кейін біз онда не болатынын дәл білетін боламыз. Айтпақшы, карантин аяқталғаннан кейін біз ағаштарды кесу мәселесін талқылайтын боламыз. Оны кіммен талқылау керек, мүмкін, жасыл құрылыспен…? Себебі бізде жоспар бойынша орталық кіре берісте тұрақ болады, ал ағаштар кедергі жасайды, — деді Дәулет.
Әңгіме соңында кәсіпкер олар тек екі ағаш кескенін, ал қалғандары туралы ештеңе білмейтінін айтты.
Мария Драчева
Фото Артем Букреевтікі