«Бар нәрсемен тамақтанамыз»: коронавирус табылған үйдің ауласында не болып жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Құрылысшы шағын ауданы 1/3 мекен жайы бойынша үй тұрғындарын Оралдан оқшаулап, ленталармен қоршап, полиция қызметкерлерін қойды. «ОА» журналистері Оралда карантин жағдайындағы адамдардың жағдайын білу үшін алғашқы жұқтыру орнында болып қайтты.

Полиция қызметкерлері аулаға кіре берісте. Аулада химиялық қорғау киімімен эпидемиологтар жүр.

Қалыптасқан жағдай үйге жақындағанда байқалады: ғимарат бұрышы дуалмен периметр бойынша қоршалған, аулаға кірер барлық жолдарда полиция қызметкерлері кезекшілік етті. Бұғатталған «аумақтың» ішінде химиялық қорғау киім киген адамдар жүр.

Кеше Құрылысшысы 1/3 шағынаудандағы үй карантинге қоршалған. Енді тұрғындар сыртқа терезеден көз салып іште отыр.

Анықталғандай, бұрын қала эпидемиологы берген ақпарат нақты емес-үйден ешкімді шығармайды, дүкенге де, дәріханаға да.

— Ешкімді үйінен шығармайды, азық-түлікті тұрғындарға туыстары әкеледі, – деп хабарлады кезекші полицейлердің бірі. Одан әрі ол қандай да бір пікірлерден бас тартты.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасарының сөзіне қарамастан, тұрғындар үйінен ешқайда шықпаған.

Әлеуметтік желілерде байқалатын оралдықтардың жалпы алаңдаушылығына қарамастан, көшедегі адамдар коронавирус жұқтырған үй жанынан өткенде, ешқандай алаңдаушылық тудырмады. Үй жанындағы дүкендер әлі де жұмыс істеп тұр, көшедегі адамдар жеткілікті болды-бетперде киген, бірақ бәрінде емес.

Әр түрлі қалалық қызметтердің қызметкерлері қоршауға мезгіл-мезгіл жақындап, баррикадтың сол жағына бірдеңе беріп отырды. Бұл адам бетперде берді

Мұндай дүкендердің біріндегі сатушы, Любовь мұндай уақытта саудадан қорықпайтынын айтты.

– Сауда жасау маған қорқынышты емес, біздің қасымызда жаппай серуендеу жоқ. Әрине, сатып алушылар аз болды, бірақ кешегі жағдай келушілердің санына еш әсер етпеді, — деді әйел.

Зарарланған үйдің тұрғындарымен сөйлесуге ешқандай мүмкіндік жоқ, алайда біз екінші қабаттың терезесінен қарап тұрған әйелді көрдік. Ол өз уайымдары туралы айту сәтін күтті, сондықтан белсенді сөйлей бастады.

Женя апамыз еріктілердің ешқандай телефондарын бермегенін айтты.

— Біз осы үйде тұрамыз. Екінші кіреберісте [жұқтырғанды] тапты, ал енді біз төртіншідегілер зардап шегеміз. Барлық үй жабылды. Біз барымызбен тамақтанамыз, мысалы, менде картоп, пияз жоқ. Бізге азық — түлікті кім әкелу керек, біз білмейміз-волонтерлер әкімнің үндеуінде болған сияқты, бірақ бізге телефон қалдырмады, ешкім ештеңе айтпады. Полиция тұр, бізді шығармайды. Менің мұздатқышта тауарым жоғалып барады, мен ақша таба алмаймын. Екі апта бойы бізді ұстап тұрамыз дейді, – деді өзін «Женя апа»деп таныстырған әйел.

Журналистпен әңгімелескеннен кейін, Женя апамызды 3-қабаттағы балконнан әйел адам айқайлап шақырды.

– Женя, сенде нан бар ма? —деп сұрады ол.

– Нан жоқ. Мен үйге кірем, маған енді шықпайсың деп айтты, — деп жауап берді Женя апай.

Коронавирус табылған үй туралы өз ойымен үй жанынан өтіп бара жатқан әйел адам бөлісті.

— Мен ештеңе қорықпаймын. Мен дәрі-дәрмекті сатып алдым, Солтүстік-Шығыс ауданында тұратын ағама апарып, үйге ораламын. Біз зейнеткерміз, үйде отырамыз, бізге ештеңе қажет емес. Тоңазытқышта азық-түлік бар, кіре берісті қазір хлормен жудым, қайтып ораламын да, жатамын, — деп күліп, әрі қарай өз істерімен кетті.

Мезгіл-мезгіл эпидемиологтар ауланы аралап келіп, полицейлермен сөйлесіп тұрды.

Сол уақытта тағы бір адам машинамен қоршауға келіп, кезекші полицейлермен сөйлесіп, кетіп қалды. Мен олардан кім келгенін сұрауды шештім және біздің арамызда ыңғайсыз диалог пайда болды.

Оқиға орнында кезекші полиция қызметкерлеріне журналистердің келуіне қуанышты болған жоқ.

— Бұл азық-түлік әкелген туыстардың бірі болды ма? — деп сұрадым.

— Жоқ, – деп қысқа қайырды полиция қызметкері. — Сен жазып жатырсың ба? — бірден ол біздің әңгімеміздің аудиожазбасы туралы сұрады.

– Жоқ, жай ғана қызығушылық танытамын, менің жұмысым осындай, – дедім мен.

– Қандай? Кедергі келтіру ме? — деді полиция қызметкері, диалог аяқталды дегенге меңзеп.

Жедел жәрдем қызметкерлері де барлық қауіпсіздік ережелерін сақтады және қорғау костюмдерінде болды.

Біз кетуге жиналғанда, аулаға жедел жәрдем машинасы келіп кірді. Дәрігерлер де машинада химиялық қорғау киімінде болды.

Алексей Воробьев, Фото Артем Букреевтікі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

14 − 7 =

x
2023-03-28
Утром10.63 ℃
Днем11.2 ℃
Вечером10.92 ℃
Ночью7.46 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.97 м/с
2023-03-29
Утром3.88 ℃
Днем11.45 ℃
Вечером13.18 ℃
Ночью9.53 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.49 м/с