БҚО-да темір жол вокзалы мен әуежай карантин кезінде жұмыс істемейді
Барлық бағыттар бойынша теміржол және әуе рейстері тоқтатылды. Қала оқшауда қанша қалатыны-белгісіз.

Бұл туралы БҚО Көлік және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Қазбек Менеев мәлімдеді.
— Қазір теміржол вокзалының жұмысы тоқтатылды. Бұйрыққа сәйкес, 30-шы наурыз Ақтөбе-Орал пойызы тоқтады, 29-нда Орал-Бурабай. Вокзал жұмысының қашан басталатыны туралы нақты мерзімдер жоқ. Ұшақтар туралы- менің білуімше, олар да тоқтатылған — деді ол.
Әуежайдың тоқтатылғаны туралы ақпаратты оның директоры Хайретдин Рысқалиев растады.
— Ешқандай рейстер жоқ, неге біз жұмыс істейміз? Жүк рейстері да жоқ, әуежай ғимараты жабылады, тек қана өтінімді қабылдайтын кезекші қызмет жұмыс істейді, — деп түсіндірді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 31 наурыздан бастап облыста күшейтілген карантин шаралары енгізілген болатын. Атап айтқанда, азаматтардың қалада жүруі шектеледі тек дүкендер мен дәріханаға шығуға болады, әрі қарай үйден 2 шақырымға ғана. Тұрғындар жұмыс орнынан қажетті анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа бара алады. Сондай-ақ, қалада такси мен автобустардың жұмыс кестесі өзгерді.
Алексей Воробьев
