БҚО әкімінің орынбасары тендерлерге қатысушыларды жеңілген лоттар бойынша сот талаптарын кері қайтарып алуға шақырды
БҚО әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев Мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысушыларды ұтылған тендерлерге байланысты сот талаптарын кері қайтарып алуға шақырды. Оның пікірінше, бұл факт тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермейді.

Облыс әкімінің орынбасары белгісіз қатысушы мен басқа қатысушыларға өзінің үндеуін Facebook парақшасында жариялады.
«Сіз бұл өтінішті оқып жатқаныңызға сенімдімін. Бүгінгі және әрқашан — тұрақты (тиімді) жұмыс орындарын құру басты мақсатымымыз. Қазір бұған не кедергі. Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысушыларға бағыттаймын. Бірнеше жобалар бар, онда бұрыннан жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға болады. Мемлекеттік сатып алу конкурсының құрметті қатысушысы! Сіз адал конкурста ұтылдыңыз, себебі сіз өндіруші емессіз. Өтінемін, сот талап-арыздарыңызды қайтарып алыңыз. Ашық конкурсқа мүмкіндік беріңіз. Өткен жылдың тәжірибесі бойынша Сіз бұл конкурсты созып, нәтижесінде сонша жаңа жұмыс орындарын тоқтатасыз».
Тендерде жеңе алмаған кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу нәтижелерін алып тастау талабымен сотқа талап-арыздар беретіні белгілі. Мұндай сот талап-арыздары бірнеше апта қаралуы мүмкін және осы жоба бойынша жұмыс уақыты бірден басталуы мүмкін емес.
Алексей Воробьев
