«4 сағат тұрмыз»: Оралда блокпоста шақырымдық кезек пайда болды

Ұзындығы шақырымға жуық кезек (2ГАЖ қосымшасының деректеріне сәйкес) Подстепный ауылының алдындағы блокпостта пайда болды. Жүргізушілер Оралдан шығып кете алады, бірақ кіру үшін оларға 3-4 сағаттай тұруға тура келеді.

Блокпостқа дейін созылатын шақырымдық кезек осылай көрінеді.

Көлік жиналуы таңертеңнен басталып, әлі күнге дейін жалғасуда. Қала аумағына келгісі келетіндердің барлығы бірнеше сағаттан кезекте тұруға мәжбүр. Онда да бәрі бірдей кіре алмайды, тек әкімдік тізімінде көрсетілген кәсіпорындар қызметкерлері ғана кіре алады.

Ильдар Хайруллин уақыт өте келе қабылдау нүктелерінің саны көп болатынын түсіндірді.

— Бізде 2 өткізу пункті ұйымдастырылған, барлық жүргізушілерді тіркейміз. Кімде жұмыс орнынан анықтама бар, солар кіре алады. Сондай-ақ қалада тіркелген адамдар да бар. Қаладан шығу тез, – деп түсіндірді БҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ильдар Хайруллин.

Оның айтуынша, бүгінде көлік кезегінен кейін адам блокпост арқылы өтіп кетпей, кері бұрылып кеткен прецеденттер болған.

— Адамдар тиісті құжаттарсыз жіберілмейді — біз оларды тұрғылықты мекен-жай бойынша қайтарамыз. Біреу қонаққа келе жатыр, біреу өз жұмысымен, олар қазір облыстағы шараларды ұстамайды, — деді ол.

Мұндай кабинкаларда жүргізушілер қалаға кіруге рұқсат алады.

Полиция әкімдікпен бірлесе отырып, қалаға кіргісі келетін көліктер саны көп болғандықтан осы блокпостқа қосымша қабылдау нүктелерін ашуға жиналды. Ильдар Хайруллиннің айтуынша, қосымша нүктелердің ашылуы кезектің «азаюына» ықпал етуі мүмкін.

Тікелей эпицентрдегі жүргізушілер подполковниктің ынтасын айқын бөліспеді.

Кейбір жүргізушілер автокөліктерден шығып, кезек бойымен жүріп өтті.

Мен мұнда таңғы сағат 8-ден бастап 4 сағаттай тұрмын. Осы 4 сағат ішінде мен бірнеше жүз метр жүріп өттім. Басқа өткізу пункттерінде мұндай кезектер қажет. Маған дәрі-дәрмектер апару керек, менімен екі жолаушы, өйткені артық болмайды. 2 адамнан адамдарды алудың мәні қандай? Бір апта бойы жүрмегенмін, бүгін алғаш рет шығып едім, мұндай кезектермен енді жүрмеймін, – дейді жүргізушілердің бірі Андрей.

Ер адамның айтуынша, таңертеңнен бері автокөліктер аз болған, алайда полиция қызметкерлері адамдарды аз өткізді, соның салдарынан осындай үлкен кезек пайда болды.

Полиция қызметкерлері өз жезлын өте сирек көтеріп, жүргізушілерге баруға болатынын көрсетеді.

– Мен 3 сағаттай тұрмын, ауылдан жұмыспен келе жатырмын. Полицейлер ештеңе айтпайды, бір-бірлеп жібереді. Кеше де осындай жағдай болды. Әкімдік қайда қарайды? Бір-бірлеп жібереді тек. Адамдарға жылдам қызмет көрсету үшін жолдың екі жағынан будкаларды қойыңыз, – деді тағы бір жүргізуші Дамир.

Машиналардың осындай созылғанынан кезектің аяғы көрінбейді.

Осы уақытта машиналардың кезегі одан әрі жалғасты. Жүргізушілер автокөліктен шығып, бір-бірімен сөйлесіп, дабыл қағып, ұрыссып жатты. Жолдың басынан автокөліктердің үш қатары пайда болды, ал кезек әлі де жалғсуда. Жүргізушілердің бірі Арман, адамдардың осындай жиналуы жанжалды жағдайларды туындататынын айтты.

Кейбір жүргізушілердің айтуынша, ұзақ уақыт кезекте тұру адамдардың жүйкесін жұқартады.

Күн сайын кемінде бір жарым-екі сағат тұрамыз. Мен Барбастауда тұрамын,адамдар тез жүріп өту үшін ең болмағанда көп блокпост орнатсын. Ең қызығы, бұл кезек тек осы бекетте. Ең бастысы-патрульдерді кезек бойы орнату керек, әйтпесе адамдар бір-бірін сабап тастайды. Қазір көліктер қарсы бағытта жүріп жатыр,көптеген жүргізушілерге мұндай рұқсатты ұнатпайды — деді Арман, және сол уақытта бір көлік қарама-қарсы жолақтан өтіп кетті.

Қарсы жолақтан өтіп, күту уақытын айтарлықтай қысқартуды шешкен адамдардың бірі

Оның айтуынша, мұндай жағдай жүргізушілердің ағынын бұзғандарды өздерінің жазалауына әкелуі мүмкін.

— Мен машинада қару салып жүремін, не болатынын бір Құдай білер, — деп қосты жүргізуші.

Қалаға кіруге тыйым салынған жоқ, бірақ бұл өте қиын.

Ең басты мәселе жұмыстан кешігу, кезек кесірінен жұмыста мәселе туындайды.

— Мен өзім көлік компаниясында жұмыс істеймін. Қазіргі таңда менің азық-түлік өнімдері бар жүк көлігім Орал қаласында айдауылдың қаруында тұр. Мен оған барып, азық-түлік, солярка беріп, оны Ақтауға жіберуім керек. Бірақ қазір Ақтауға азық-түлік осы кезек үшін кешігіп барады.Менің ойымша, жедел бақылау жүргізу үшін полицейлерді кезек бойымен отырғызу керек, – деп наразылық білдірді ол.

Кезектің басы осылай көрінеді. Көлік ағыны Ақсайға бұрылыстан басталады.

Соңында ол ең маңызды мәселе-кезек Ақсайдан келе жатқандардан болып жатқанын айтты. Барбастаудан немесе басқа да кенттерден келе жатқан адамдарға көліктерден бір қатарға кіруге тура келеді,бұл жиі қақтығыс тудырады. Бүгін, мысалы, іс төбелеске дейін барды.

Кезек тек Ақсай бұрылысында ғана басталды. 2ГИС мәліметтеріне қарағанда, автомобильдердің коллонасының жалпы ұзындығы 920 метрді құрады.

Өткізу пунктінің жанында жиналғандарға бір-бірімен ара қашықтықты сақтауға үнемі еске салды. Алайда, бұл ережелерді ешкім сақтамайды.

Блокпоста жұмыс қызу болды-кейбір адамдар 5 минуттың ішінде өтіп кетті, кейбіреулер көп күтті. Бір әйел тіпті кіре алмады, өйткені оның жұмыс орны әкімдіктің тізіміне еңгізілмеген.

– Жақында әкімшіліктен қызметкерлер келіп, көшеде жүргізушілерді қосымша өткізу орындарын ұйымдастырамыз, – деп қосты тілшілер кетер алдында Ильдар Хайруллин.

Алексей Воробьев, Фото Артем Букреевтікі

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.09 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с