Қазақстанда әлеуметтік төлемдер алу үшін қосымша сайт іске қосылды
Төлем туралы өтінішті 42500.enbek.kz. сайтында беруге болады

Сервис электрондық еңбек биржасы алаңында құрылды Enbek.kz бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.
Төлемге өтініш беру үшін қажет:
сайтқа кіру 42500.enbek.kz
«42 500 алуды» таңдау
өтініш берушінің аты-жөнін, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, email көрсете отырып, нысанды толтыру
нысанды жіберу
жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды
телефон нөмірін кодпен, жіберілген SMS-хабарламамен растау
Өтініш өңделгеннен және «Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да деректерді тексергеннен кейін өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS алады, ақпарат тағайындау және төлеу үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) беріледі.
Мария Драчева