Орал қаласы тұрғындарының карантин кезінде жүруіне арналған анықтамалар жойылуда. Енді не болмақ? Анықтаймыз
Қала және облыс тұрғындарының еркін жүріп — тұруын шектеу-карантин режиміндегі басты шара. Бұл коронавирусты жұқтыру қаупін төмендету үшін жасалғаны белгілі.

Карантин кезінде халық пен облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жалғастырылуы тиіс. Сондықтан да, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен оларда жұмыс істейтін қызметкерлер арнайы тізімге енгізілді. Оның құрамына: ауруханалар мен емханалар, әлеуметтік қамсыздандыру, қарттар үйлері, электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау, мұнай-газ өнеркәсібі, газбен қамтамасыз ету компаниялары, жылумен қамтамасыз ету, электриктер, сантехниктер қызметтері, банк қызметтері, пошталық, курьерлік және жүк қызметтері, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және азық-түлік дүкендері кіреді.
Қалалық штаб кәсіпорын қызметімен байланысты болса, қала бойынша және блокпостарды кесіп өту үшін ұйым басшыларына 800 рұқсат берді. Олардың қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру үшін жұмыс орнынан анықтама берілді. Бірақ шартымен бұл қызметкерлер қала бойынша тек осы анықтамамен жүре алады.
Бүгінгі күнге дейін осылай болды. Не өзгерді және неге? Жағдайды БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және мұрағаттар басқармасының басшысы Сәкен Нұртазаев түсіндірді.
— Кейбір теріс пиғылды кәсіпорындар жұмыс орнынан анықтамаларды «басып шығарып», оларды туыстарына, достарына және таныстарына тарата бастағандықтан — қозғалысты бақылаудың жаңа жүйесіне көшу туралы шешім қабылданды, — деді Сәкен Нұртазаев.
Бұл қалай жасалады:
1) Оралда ахуалдық орталық құрылды. Орталық қызметкерлері біздің тұрғындарымызда пайда болуы мүмкін мәселелерді түсіндіретін болады.
2) қазір сайт әзірленді stopcovid.kz. осы сайтқа кәсіпорын немесе ЖК басшыдан (немесе өкілден) облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қызметкерлердің тізімі бар онлайн өтінім бере алады. Олар тексеріледі.
3) өтінімдерді өңдеу процесі автоматтандырылған және рұқсат беру жылдамдығы ұлғайтылды (бір күн ішінде. Мысалы, сейсенбі күні өтініш берген, сейсенбі күні жауап алады).
4) бірыңғай база қалыптасады.
5) базаның деректері «Сергек» қосымшасы арқылы полиция қызметкерінің планшетінде көрсетіледі.
6) полиция қызметкерлері берілген тізімге сәйкес қала бойынша бақылау жүргізеді.
7) тізімдерді 10 сәуір 22:00-ге дейін береді
8) бұл жүйе мемлекеттік мекемелерге, коммуналдық және жеке кәсіпорындарға қатысты болады.
9) бұрын рұқсат алған ұйымдар жарамды болып қалады. Бірақ, басшылар қала бойынша қозғалу үшін қажет деп санайтын қызметкерлердің тізімін ұсынуы қажет.
10) бұл тізімдерді олар 10 сәуір 24:00-ге дейін ұсынуы тиіс
11) Кәсіпорындары аудандарда орналасқан , бірақ, қалаға жұмыстарымен келіп-кететін қызметкерлер, сондай-ақ stopcovid.kz сайтында тіркелу қажет.
12) Ол үшін ауданды таңдап, қызметкерлер тізімімен онлайн өтінім беру қажет.
13) Рұқсаттарды өңдеу және беру де автоматтандырылған. Тіркеуге қатысты барлық нұсқаулық stopcovid.kz. сайтында орналастырылған
Сәкен Нұртазаев карантин кезінде қолға алынған барлық шаралар ең алдымен қала мен облыс тұрғындарының денсаулығын сақтауға бағытталғанын атап өтті.
Мария Драчева
