Орал әкімінің орынбасары күшейтілген карантин жайлы айтты(СҰРАҚ-ЖАУАП, БЕЙНЕ)

Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мұлқай карантин кезінде жиі қойылған сұрақтарға жауап берді.

Орал блокпостарының бірі.

— Енді қала бойынша қозғалу үшін не қажет?

— Жұмысқа бару үшін жұмыс орнынан анықтама, маршруттық парақ (жұмыстан үйге, үйден жұмысқа дейін), жеке куәлік қажет. Бағыт парағы жұмыста берілуі тиіс.

— Бағыт парағы дегеніміз не? Онда не болуы керек?

— Бағыт парағында сіздің тұратын жеріңіз, жұмыс орны туралы ақпарат болуы тиіс. Сондай-ақ, онда сіз әдетте жұмысқа шығатын көшелердің атаулары жазылуы тиіс. Маршруттық параққа жұмыс беруші қол қоюы тиіс және онда компанияның мөрі тұруы тиіс. Бұл құжатты өз қызметкерлеріне жұмыс беруші беруі тиіс.

— Ал егер менің жұмысым жұмыс күні ішінде қала/облыс ішінде жүруден тұрса ше?

— Онда сізге бұл бағыт парағы қажет емес (сауда өкілдері, жеткізушілер, курьерлер, волонтерлер, БАҚ және т.б.).).

— Кешке көшеге шығуға бола ма?

— 21:00-ден кейін шұғыл жағдайлардан басқа көшеге шығуға тыйым салынады. Егер сізді далада бұл уақытта, полиция қызметкерлері байқаса тоқтатып, үйден шығу себебін тексереді.

— Жануарлар мен құстарды саяжайда тамақтандыруға бола ма?

— Жоқ. Карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Қала әкімінің орынбасары бұл шаралар «Тұрғындардың игілігі үшін» жасалғанын атап өтті.

— Мен 2 шақырым шегінде дүкен/дәріхана жоқ жерде тұрамын. Қалай болады?

— Бұл жағдайда сіз азық-түлікке немесе дәрі-дәрмектерге шыға аласыз. Блокпост арқылы сізді жібере алады, бірақ полицейлер сіздің құжаттарыңызды және 2 шақырымнан тыс жерде болудың негізділігін тексеру үшін сізді тоқтата алады.

— Орал арқылы өтетін жүк көліктері жанармай құюға, қалада тоқтауға бола ма?

— Жоқ. Барлық транзиттік автокөліктер бір жерде жиналады, содан кейін полиция оларды қаладан шыққанға дейін алып жүреді. Бұл шешім Батыс Қазақстан облысында COVID-19 ауруының 2 жағдайы «сырттан келгендіктен» қабылданды.

— Далаға бетпердесіз / қолғапсыз шығуға бола ма?

— Жоқ. Енді барлық қала тұрғындары барлық жерде бетперде және қолғап киіп, міндетті түрде өзімен бірге антисептик алып жүруге міндетті. Тіпті егер сіз берперде қажет емес деп ойласаңыз да, полицияда басқа пікір болуы мүмкін. Сондықтан өзімен бірге жеке қорғану құралдары болу керек.

Күшейтілген карантин режиміндегі жаңалықтар туралы тікелей эфир.

Алексей Воробьев, Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером19.99 ℃
Ночью16.56 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром16.09 ℃
Днем22.17 ℃
Вечером13.7 ℃
Ночью12.41 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.51 м/с