БҚО-да жанып кеткен үйден әйел мен 2 кішкентай қыз табылды
Тасқала ауданы Ақтау ауылының тұрғыны екі кәмелетке толмаған қызымен бірге өрт сөндіргеннен кейін жанып кеткен үйден табылды. Полиция алдын ала мәлімет бойынша, өртеуі мүмкін деген себеппен, қаза болған адамның жұбайын ұстады.




Кенттегі өрт туралы бүгін, 9 сәуір күні белгілі болды. Өрт сөндіргеннен кейін үйден кәмелетке толмаған 2 қыз баланың (1-ші және 2-ші сынып) және әйелдің мәйіті табылды. БҚО ТЖД-да ақпарат расталды.
БҚО ІІД-де қазір криминалдық полиция басқармасы алдын ала қайтыс болған әйелдің күйеуі ер адамды қолға түсірді. Оны үйді өртеді деген күдікпен қолға түсірді. БҚО ІІД баспасөз хатшысы Болатбек Белдібековтың айтуынша, ер адам болған оқиғадан кейін тамағын кескен, қазір оны ауруханаға жеткізді. Қазір әйел мен қыздардың денесін судмедэкспертизаға алып кетті, басқа мәліметтер анықталуда.
«Орал апталығына» сілтемесіз кез келген фото/бейне/мәтіндік материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
Алексей Воробьев, Лукпан Ахмедьяров, Фото Артем Букреевтікі