Қазақстанда төтенше жағдай режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды
Қазақстанда төтенше жағдай режимі 30 сәуірге дейін ұзартылды. Тиісті шешімді жұма күні төтенше жағдайға байланысты мемкомиссия қабылдады , деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, деп хабарлайды Vlast.kz.

«15 Сәуірде менің төтенше жағдай туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Қазір төтенше жағдай режимін кем дегенде сәуірдің соңына дейін ұзартуға тура келеді. Біз әлі коронавирус аурушаңдығы шыңынан өтпедік. Эпидемия жағдайын жеңілдетуге болмайды. Осы себепті елордада, Алматыда, Шымкентте және тиісті облыстарда карантин режимін сәуір айының соңына дейін ұзартуды тапсырамын. Өйткені адамдар көшелерге шығып, қалыпты, әдеттегі өмір тәртібін қалпына келтіргісі келеді. Бірақ карантинді сақтап, өзін-өзі оқшаулаудан басқа амал жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог-мамандардың ұсыныстары»,-деген президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дерексөздерін келтірді Берік Уәли.
