«Қатысы барлар» Күйеуі әйелі мен балаларын өртеп жіберген ауылдан арнайы репортаж
11 сәуір күні Тасқала ауданы Ақтау кентінде 30 жасар Жадыра Жұмалиеваны және 8 жасар Инабат пен 6 жасар Айшаны жерледі. 8 сәуірден 9 сәуірге қараған түні олардың жанып кеткен денелері өртенген үйдің қирандыларынан табылды. Үйді өртеп жіберген деген күдікпен полиция Жадыраның зайыбы Серік Кафизовты және қаза тапқан қыздардың биологиялық әкесін ұстады. Сол қайғылы түннен бастап ауылда дау – жанжал тоқтамайды-Серіктің отбасын өлтіруге не себеп болды.

От
Ұзын жолды мектеп дәптерінде: «Сегізінші сәуір. Сынып жұмысы. Бүгін ауа райы бұлтты. Аспанда күн жоқ» деген бала қолымен жазылған жазу тұр. Бұл 7 жасар Инабат Кафизованың дәптеріндегі соңғы жазба. Сол күні кешкі сағат 10-да Инабат өзінің кіші сіңлісі Айшамен және анасы Жадырамен атасының үйінен шығып, Сүлейменов көшесінде 300 метр қашықтықтағы өз үйіне аттанды. Төрт сағат өткеннен кейін, түнгі 01.15-те көшенің қарама-қарсы жағында тұратын жас қыз Жадыра үйінің жанып жатқанын көрді.

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру машинасы келіп жеткен кезде үйдің төбесі опырылып кетті. Өрт сөндірушілер отты түнгі үштен кейін сөндірді. Сол уақытта үйдің алдында көптеген жергілікті тұрғындар жиналды. Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер құлаған шатырдың үйіндісін бөлшектей бастағаннан кейін, біреуі қараңғыда айқайлап, қатты жанып кеткен екі денені – жанып кеткен баланың мәйіті мен ересек адамның мәйітін тапты. Бұл Жадыра мен оның үлкен қызы Инабаттың денелері болды. Бірнеше минуттан кейін өрт сөндірушілер үшінші мәйітті – қабырға мен пештің арасынан келесі бөлмеден тауып алғанын хабарлады. Бұл жерде оттан аман қалуға тырысқан кішкентай Айшаның денесі болды.
– Барлығы өрт сөндірушілер қазір тағы бір денені – Серікті табар деп күтті. Бірақ өрт сөндірушілер барлық үйінділерді бөлшектеген кезде, Серік жанып жатқан үйде болмағаны түсінікті болды, – дейді жергілікті тұрғын Дамир.
Серік енді жарықтала бастаған кезде алты сағаттан кейін табылды. Ол көрші ауыл жаққа қарай үстіндегі қан-қан футболкасымен кетіп бара жатты. Оның мойны мен кеудесінен қан ағып тұрды. Бір нұсқа бойынша Серік өз-өзіне қол жұмсамақ болған немесе оны біреу пышақпен тамағына ұрған. Қалай болғанда да, жарақат ауыр емес екен. Оны ауруханаға апарып, жарасын тікті, ал 11 сәуір күні таңертең оның қыздары мен жұбайының денелерін жерге тапсырғанда, тергеу соты Серік Кафизовты екі және одан да көп адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алуға санкция берді.
Олармен сөйлесудің қажеті жоқ
Ақтаудан үш шақырым жердегі ауыл зиратының шетінде жаңадан үйілген топырақ көзге ілінеді. Онда Жадыра мен оның қыздары Айша мен Инабаттың есімдері мен қайтыс болған күндері жазылған үш жаңа дөңгелектелген тақтай тұр. Жадыра ортасында, қос жанында қыздардың денелері жерленген. Барлық үш тақтада-қайтыс болған күні бірдей.

Жерлеуде болған адамдар үйден мәйітті шығарған кезде алдымен тыныш болғанын айтады. Ал, Жадыраның жанына қос періштесінің денелерін қойған кезде әйелдердің зарына, ерлердің даусы қосылып, күңіреніп кетті дейді.
Біз ауылға, Жадыра ата-аналарының үйіне келе жатырмыз. Үйге адамдар әлі де келуде. Үйдің ішінде әйелдер үшін ас аяқталған. Ерлер қақпалар алдында жиналды. Бірнеше жас жігіт, жас шамалары ұсталған Серік Кафизовтың құрдастары, біздің кім екенімізді сұрады, журналист екенімізді білгеннен соң, дүрсе қоя берді:
— Сіздерге не қажет?
– Жадыраның туыстарымен сөйлесу.
— Олармен сөйлесудің қажеті жоқ, – шорт үзді олардың бірі.
— Ал сіз не ойлайсыз? Неге Серік мұны істеді? – деп сұраймын мен.
– Кім білсін. Ол әрқашан өзімен бірге пышақ алып жүрді, бірдеңе бола қалса, пышақпен шабатын – деп спорттық костюмдегі жас жігіт менің әңгімелесушім, әңгіме аяқталды дегенді білдіріп терс айналды.
Біз әлі күтудеміз. Жігіттер қысқа сөздермен байланысуда. Барлығы оқиға айналасындағы әңгіме. Олардың сөздерінде мұны Серік жасады деген айыптау жоқ. Бұл түсінікті. Біз түсінуімізге қарағанда, олардың көбі онымен байланыста болған. Біреулерге ол мал союға көмектесті, біреулермен шөпке бірге барды,біреулерді өз машинасымен аудан орталығына немесе қалаға апарды, біреулермен отырыста бірге болды. Біз Жаниямен сөйлесу үшін әйелдердің үйден шыққанын күтеміз-қайтқан Жадыраның апасы. Жания соңғы бірнеше ай бойы Серікпен ажырасуды талап еткен Жадыраның туғандарынан жалғыз адам. Жадыра өзінің қайғысымен бөліскен жалғыз адамы. Ол ата-анасын ренжіткісі келмеді сондықтан қорғауды апасынан іздеді
Қарсы мәлімдеме
Жания журналистермен сөйлесуге бірден келісті және алғашқы сөзден бастап бұл қайғылы оқиғаны «жоғарыға»жеткізу керек екенін атап көрсетеді.
– Мен түн арасында Жадыраның үйі жанып жатқанын хабарлағанда, мен оның өртегеніне сенімді болдым. Мен үйде ешкімді таппайды деп, сондықтан өрт сөндірушілер өртті сөндіргенше, мен полицейлермен қараусыз қалған фермаға бардым. Серік Жадыраны сол жерге апарып, ұрып-соғып жатыр деп ойладым. Маған қоңырау шалып, үйден Жадыра мен қыздардың денесін тапқандарын айтқанда, менің ішімде бәрі үзілгендей болды. Менде тек Серікті жылдамырақ табу керек деген ой туындады, – дейді Жания.
Менің әңгімелесушім бұрынғы полиция қызметкері. Осыдан үш жыл бұрын зейнетке шыққан. Бұған дейін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияда және тергеуші болып жұмыс істеген. Осыдан үш жыл бұрын ол Жадырадан Серік оны қатты ұрғанын білген.
– Сол кезде Серік Жадыраны қараусыз қалған фермаға қарай алып шығып, оны қатты ұрып, бір сағат бойы оны өз машинасымен далада қуған. Ол шаршап құлаған кезде оны қайтадан машинаға салып, үйіне апарған. Сол кезде ол алғаш рет Серік оның үнемі ұратынын айтып берді. Мен Жадырадан арыз жазуды сұрадым. Бірақ ол жерде бір мәселе болды-Жадыра бұл туралы маған бір аптадан кейін айтты. Ұрып-соғу іздері кетіп, ұрып-соғу фактісін дәлелдеу қиын болды. Дегенмен, Жадыра арыз берді. Оның үйіне оның ата-анасы мен туыстары, достарының келуі жиілеп кетті. Сол кезде Жадыра ақымақтық істеп- оны кешірді. Іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Есімде, мен ол туралы есеп бердім. Анда оның туыстары мен достары ғана тырыспады. Жадыраның ата-анасы да бұл таза отбасылық іс деп айта бастады, отбасын сақтау керек, балалар үшін және өзге де салт-дәстүр, отбасылық құндылықтар және т.б. Олар қайтадан татуласты, – дейді Жания.
Жадыра Серікпен қайтадан татуласқаннан кейін, ол қайтадан оны ұрып-соғуын бастады. Бұл жолы Жадыра ешкімге шағымданбады. Жәния Жадыра бұл туралы айтқан жоқ, себебі ол өзі кешіргеннен кейін мұны істеу ыңғайсыз деп санады дейді. Бірақ бұл жолы Жания өзінің сіңлісіне күнде қоңырау шалып, күйеуімен қарым-қатынас қалай екенін сұраумен болды.
— Мен оны бір рет кездестірдім және оның бетінің жырылғанын көрдім. Бірден сұрақтың астына алдым – Серік сені ұрады ма? Жадыра сиыр сүзді деп айтты. Бірақ кейінірек Серік оны бірнеше рет ұрғанын мойындады. Мен оған ұрыстым. Оған келесі жолы ештеңе жасырмай, бірінші жағдайда бірден маған қоңырау шал деп айттым, — дейді Жания.
Жерлеуге келмеген адамдар туралы
Келесісін ұзақ күтуге тура келмеді. 29 ақпанда Серік пен Жадыра аудан орталығына, оның немере әпкесі Шырайлымның мерейтойына, «Бахыт»мейрамханасына аттанды. Мерейтойда Серік мас болып қалып, бір қонақпен төбелесті. Жанжал кезінде Жадыра такси шақыртып, кентіне кетті. Үйде ұлының мінез-құлқын білетін енесі балалардың қасында қонып жатты, Жадыраға өз үйіне барып жатуға кеңес береді.
– Сағат 05.30-да Серік өзінің машинасымен қайын атасының үйіне келіп, ішінен кілттенген екі есікті сындырып, Жадыраны төсектен шашынан сүйреп тұрғызып, оның басын қабырғаға ұрған. Содан кейін оны далаға шығарып, көлікке отырғызып, кетіп қалды. Жадыраның анасы (әкесі сол кезде үйде болған жоқ) көліктің артынан жүгіріп, келе жатып маған қоңырау шалды. Мен бірден полицияның кезекші бөліміне қоңырау шалып, оқиға туралы хабарладым. Серік өз машинасымен өз үйіне барып, бір сағаттан астам уақыт бойы Жадыраны ұстап тұрды. Учаскелік полиция қызметкері бір жарым сағаттан кейін Нұрбек пен Мирманмен (қоғамдық көмекшілер) бірге келді.

Осы уақыт ішінде Серік әйелін машинада бостан-бос ұстап тұрмаған. Ол оны электрошокпен қорлаған. Оның қолында және кеудесінде электрошокермен соғудан он із болды. Жадыра полицияға өтініш берді. Бірақ Серік тек әкімшілік бап бойынша – денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және бөтен үйге заңсыз басып кіргені үшін қылмыстық бап бойынша тартылды. Электрошокермен азаптау туралы сөз де, адамды заңсыз бас бостандығынан айыру туралы сөз де болмады. Прокурор 10 тәулік қамауға алуды сұрады. Алайда, сот Серікті қолдап, оған бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын назарға ала отырып, тек 5 тәулік қамауға алу берді.
– Қамауға алынған алғашқы күні Серік Жадыраның ұялы телефонына қоңырау шалған. Басында қорқытуға тырысып, содан кейін кешірім сұраған. Мен бұл туралы біліп, дереу полицияға қоңырау шалып, әкімшілік қамауға алынған адамның ұялы телефонды қайдан алғанын сұрадым. Сол күні маған полиция қызметкерлері келіп, кешірім сұрай бастады және біреудің қате жібергенін түсіндірді. Бес тәуліктен кейін Серік вахтаға кетті. Жадыра ажырасуға өтініш берді. Мұнда тағы да Серіктен шексіз делегациялар басталды. Оның туыстары мен достарынан басқа шаруа қожалықтарының басшылары Асқар Мальтиев пен Берік Темірбеков келді. Барлығы Жадырадан Серікті кешіруді және ажырасуға арызын кері алуды сұрады. «Бұл халықтын алдында ұят болады»,» Отбасынды сақта, қыздарың үшін «сияқты әр түрлі сөздер айтқан. Барлығы ересек адамдар, отбасының әкелері, күйеулері! Және осы келушілер мен кешірім сұраушылардың біреуі де бүгін бүгін жерлеуге келген жоқ. 3 сәуір күні Серік Жадыраның ата-анасына келді. Оны кешіруді сұрады. Мен оған саусағымның ұшын да тигізбеймін деп уәде берді. Жадыра оған «жоқ» деп кесіп айтып, онымен тұрмайтынын айтқан. Сол кезде оның ата-анасы алдында, өзінің анасының көзінше Серік: «Менен құтылам деп ойлама. Мен сені өртеп жіберем деген, – дейді Жания.
Ол бәрін көрсін
Бүгін Ақтау кентінде Жадыра мен оның екі қызының өлімі талқылаудың басты тақырыбы. Біздің әңгімелесушілеріміз өрт шыққаннан екі күн бұрын Серік ауыл ішінде, жүргізушілерді оған бензинді канистерге құйып берулерін сұрағанын айтады. Біреуі Серік аудан орталығына барып, жанар-жағар май құю бекеттерінің бірінен 5 литр бензин сатып алған сияқты дейді. Ол үйді өртерде Жадырадан басқа, үйде балалар бар екенін білді ме екен дегендер де болды. Тек Жанияда ғана бір сұрақ — Серік, Жадыра өзінің балаларын құтқара алмайтындай не істеді?
– Судмедэкспертиза Жадыраның денесінде өмір сүру кезінде алған ұрып-соғу немесе жарақат алу іздеріне дәл жауап бере алмады. Онда «өлімнің себебі мәйіттің күйіп кетуіне байланысты анықталмаған» деп жазылған. Бірақ логикалық ойлайық. Өрт-оқ емес, ол дереу өлтірмейді. Егер Жадыра тірі болса, онда терезелерді бұзып, қыздарды далаға шығару үшін кем дегенде 2-3 минут жара еді. Ол мұны жасамады. Оның денесі еденде табылған. Бұл дегеніміз, Серік алдымен оны есінен тандырып ұрып, үйді өртеп жіберді. Мен оның Жадыра мен үйге бензин шашып өртегеніне сенімдімін. Өйткені бүкіл үйде бәрі өте тез жанды. Және ол қыздардың үйде екенін білді. Олар тірі және тірідей жанатынын білді, — деген сенімде Жания.

Біз жерлегеннен кейін бір сағат өткен соң Жәниямен сөйлесудеміз. Біз сөйлесіп тұрған жерден Жадыраның үйі жақсы көрінеді. Дәлірек айтқанда, қалғаны.
– Тергеу барысында күдіктіні қылмыс орнына әкеліп, оның айғақтарын сол жерде қайта тексеретін әрекет бар. Мен Серікпен осылай жасағандарын талап ететін боламын. Өз көзімен көрсін, оған барлық үш адамның денелерін қайда тапқандарын көрсетсін. Мен оған айтқан кезде оны көргім келеді – мұнда Жадыра мен Инабаттың қалдықтары табылды,ал мұнда кішкентай Айша табылды. Дәлірек айтқанда, олардың қалдықтарын. Қыздардың отта қалай қиналып жан тапсырғандарын сезінсін, көрсін және ол күнінің соңына дейін көрінсін, – дейді Жания.
Ана болды

Ақтауға барғанға дейін Жадыра маған ерекше талпыныссыз, сенім жоғалтқан әйел бейнесінде көрінді. Бірақ соңғы бірнеше айда оның өмірінде үлкен өзгерістер болды. Серікпен 10 жыл тұрмыста ол Жадыраға жұмыс істеуге рұқсат берген жоқ. Көршілердің айтуынша, осы жылдар бойы Серіктің көмегісіз шаруашылықта бес сиыр, он қой ұстады. Сүт, қаймақ, май сатты. Ауылда сөйлескендердің барлығы дерлік бізге – » Сіз олардың үйін көрдіңіз бе?» дейді. Жанып кеткен үй ауласына көз салғанда-ақ, ер азаматтың қолының ізін сезбейсің.

Өткен жылдың қыркүйек айында Жадыра жергілікті мектепке кітапханашы болып жұмысқа орналасты. Мектеп директоры Баян Ирғалиеваның айтуынша, Жадыра алғашқы күннен бастап жұмысқа қосылды.
— Мен көп жыл ауыл мектебінде жұмыс істеймін. Жадыра жұмыс істеуге келгенде, мен уайымдап, оны барлығына үйретуге тура келеді деп ойладым, өйткені білім беру жүйесінде соңғы жылдары көптеген реформалар орын алды. Ал Жадыра 10 жыл үй шаруасындағы әйел болған. Ал ол бәріне дайын болды: ноутбукпен, компьютерлік технологияларды жақсы білетін. Жұмысқа ұқыпты киініп, қатал мұғалім болып жұмыс істеген сияқты болып келді. Қысқа уақыт ішінде біздің мектепте өзін тек жақсы жағынан көрсетті: адал, жауапты, еңбекқор,көпшіл, оқушылар мен әріптестер оны өте жақсы көрді. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің әдіскерлері де жақсы пікір білдірді. Барлық сыныптан тыс іс-шараларға ол мұқият дайындалып, барлығын ұсақ-түйекке дейін ойластырды. Және мұның бәрі ерекше кеңестерсіз. Жадыра өте жақсы ана болды, қыздары әрдайым ұқыпты, таза, «өте жақсы» оқып, сынып өміріне белсене қатысты. Жадыраның шаруашылығы бар екенін білгенде, оның жұмыс істеу қабілеттілігіне қатты таң қалдым. Барлық әйел осындай жүктемені алып жүре алмайды, малға қарау, үйді ұстау, балаларды қарау, жұмыста да бәріне үлгеру сияқты, — дейді Баян Ирғалиева.

Бұл қайғылы оқиғадан соң, Баян Ирғалиева жақын арада Жадыраның отбасылық мәселелерін тек жақын да ғана білгенін, бұл туралы ертерек білсе, жағдайды реттеуге , жұртшылықты көтеруге тырысуға болар еді деп мойындайды. Бірақ бөтен отбасы-қараңғы, жабық есіктердің артында не болып жатқанын білмейсің. Ешқашан Жадыра ауыл әйелдері сияқты сиырларды сауу керек еді немесе бала қарауға деп жұмыстан сұранып көрмеді. Бірақ бұл ұжыммен бірге фуршет немесе мерекелік бас қосу болған кезде, ол әрдайым бас тартты. Маған күйеуім рұқсат бермейді деп айтты. Ал менің тәжірибемде мұндай күйеулерді «тәрбиелеуге», олардың әйелдерінің қоғамдық өмірге қатысуы тиіс екендігін түсіндіретін жағдайлар болды. Ал Жадырамен үлгермедім, – дейді Баян Ирғалиева.

Мен Жәниядан Жадыраның құрбылары болды ма деп, сұрадым.
– Жоқ. Сіздер таң қалатын шығарсыздар, бірақ оның телефонында туған-туыстары мен әріптестерінен басқа ешқандай контактілер болған жоқ. Ол тіпті сыныптастарының байланыстарын сақтаған жоқ. Және олар, жерлеудегі сыныптастар соңғы жылдары оны кездесуге немесе туған күніне шақырудан бас тартқанын айтты,өйткені оның күйеуі жібермейтінін білген. Жадыра қайтыс болғанға дейін ол күн сайын телефонда қоңырау журналын тазалайтынын айтты. Себебі Серік телефонды тексеріп, күдікті бейтаныс нөмірден жанжал тудыруы мүмкін. Оның Инстаграммасы да, басқа да қосымшалары да жоқ еді. Тек қана туыстарымен хат алмасу және жұмыс бойынша қарым-қатынас жасау. Артық ештеңе жоқ. Міне, оның өмірі болды, – дейді Жания.
Жадыраның өз әріптестерінің біріне қайтқанға дейін жіберген аудиожазбалары.
«Жадыра сияқтылар ауылда көп»

Бүгін Жәния мен Жадыраның әріптестері осы қайғылы оқиғаны алдын алуға болады ма деген сұрақ қояды. Жәния бүгін жерлеуде оған Серіктің туғандары, егер сен араласпасаң, онда бұл қылмыс болмас еді дегенге келтірді дейді. Жанияның өзі, бәріңің қатысы барына сенімді. Өзі үш жыл бұрын ажырасуды талап етпегеніне, керісінше екі қыз үшін жүгіргеніне өкінеді.
– Мен Жадыра мен Серіктің ажырасуын қалағаным үшін кінәлі емеспін. Бірақ мен бұрын араласпағаным үшін, үш жыл бұрын ажырасуға қол жеткізбегенім үшін өзімді сөгемін. Көршілер олардың отбасында не болып жатқанын білді. Серіктің туыстары мен достары оны ұрып-соғатынын білді. Ол әріптестеріне айтқан. Учаскелік инспектор білген. Ауыл әкімі араласуы керек еді. Бірақ сол түні Жадыраның жанында ешкім болмады. Сондықтан да біздің барлығымыздың кінәміз бар — деді ол. – Жерлеу рәсіміне ауыл әкімі, аудандық Нұр Отаннан депутат, аудандық мәслихаттан әйел депутат қатысты. Өткен жылы аудан әкімдігі мені тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша қандай да бір дөңгелек үстелге қатыстыруды өтінгенін еске сала кетейін. Жақсы дөңгелек үстел болды. Көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Бірақ сұраныс болған жоқ. Жалғастыру болмады. Өйткені оны белгі үшін жасады. Міне, мен бұл туралы оларға айттым. Мен қазір бұл тақырыпты көтергім келеді. Өйткені, Жадыра мен қыздары үйде жанып кеткені қорқынышты. Қазір осы ауылда ондаған әйелдер бар, оларды күйеуі ұрады. Аудандада мұндай әйелдер бар. Олардың барлығы үнсіз. Және олардың айналасындағылар да үнсіз. Тағы да бір осындай Серік әйелін пышақтап немесе балаларымен бірге өртеп жібергенше. Содан кейін осындай қайғыға тап болғасын айтады: «Олардың отбасында не болып жатқанын ешкім білмеді. Кім ойлаған?».
Жадыра мен оның қыздарын өлтірудің алдын алуға болатынын біз ауыл әкімімен және учаскелік инспектормен де сөйлескіміз келеді. Бірақ ауыл әкімі біздің сапарымыз кезінде бір жерге асығып, Кафизовтардың отбасында күйеуі әйелін ұрып-соғатынын білмегенін айтты. Біздің сапар кезінде учаскелік полиция қызметкері қол жетімсіз болып шықты. Ауырып жатыр, әлде іссапарға кетті.
Ақтау ауылдық округі әкімінің Facebook-тегі парақшасынан жергілікті биліктің осы қайғыға қалай қарайтынын көреміз. Бұл бетте осы қайғылы туралы сөз жоқ. Соңғы жазба 10 наурыз. Онда Назарбаевтың суреті мен коронавирус туралы түсініксіз мәтін бар. 18 наурыздағы әкімдік бетінде жазу әлдеқайда қызықты. Бұл жазбада Бельгин ауылының әкімі мен учаскелік полиция қызметкері Губашев ауылдық округке кіретін барлық ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың тұрмыс-тіршілігіне және т.б. сұрақтар қойды. Пост әкім мен учаскелік адамдардың осы шығуы бейнеленген 13 фотосуретпен сүйемелденеді. Тек бір суретте жергілікті тұрғын бар. Қалған фотосуретке қарағанда, әкім мен учаскелік полиция тұрғындардың ер адамдарымен ғана сөйлесуді жөн көреді.
P.S.

Жадыраның ата-анасының үйінің жанында біз Төлегенді, оның алыс туысын кездестірдік. Ол зиратта қабір қазған бригада жұмысын ұйымдастырды. Жадыра мен оның қыздарының зираттарын суретке түсіргеннен кейін Төлеген бізді зиратқа апарды.
— Мұнда менің немере ағам жатыр. Ол асылып қалды. Бұл менің құрдасым, ол да өз — өзіне қол жұмсады, – Төлеген, бізді отбасы фотоальбомы сияқты зиратпен жүргізіп келеді. Құлыптастардан бізге әр түрлі адамдардың бейнесі көрінеді. Көбі жас.Төлеген әр жылдары 30 жасқа дейін өмір сүрмей қайтқан үш моланы санады. Егер оларға төбелес немесе ЖКО-да қаза тапқан жергілікті жігіттердің қабірін қосса, жастай қайтқан тағы бесеуі қосылады. Жүздеген үй бар ауыл үшін көптеу.
Төлеген менің мылқау сұрағыма жауап бергендей, қысқаша түсініктеме береді:
– Мұның бәрі арақтан. Және тығырықтан шыға алмаудан…
Осы тақырып бойынша оқыңыз:
Мәтін Лұқпан Ахмедьяровтікі
Фото: Рауль Упоров пен Артем Букреевтікі