Оралда кәсіпорын басшылары өз қызметкерлері үшін автобустар жалдады

Бұл карантин бойынша шараларды күшейтуге байланысты. Олар туралы 15 сәуірде облыстық санитарлық бас дәрігер Мұхамғали Арыспаев онлайн брифинг уақытында мәлімдеді.

Фото Артем Букреевтікі

Мұхамғали Арыспаевтың мәлімдемесіне қарамастан, қала тұрғындары таңертеңнен бастап автобустардың маршруттары бойынша жүруді жалғастыруда. «ОА» журналистеріне тұрғындардан не болып жатқанын түсіндіруді сұрап көп қоңырау келіп түсті?

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Менеев жағдайды түсіндірді.

— Иә, бүгіннен бастап автобустар өз қозғалысын тоқтатты. Біздің тұрғындар кәсіпорын басшылығы жалға алған автобустарды арнайы өз қызметкерлері үшін жүргенін көрген, олар өз қызметін ұйымда жалғастырып келеді, — деп хабарлады Қазбек Менеев.

Кейбір тұрғындар автобустардың маршруты бойынша кестемен жүргенін айтты. Автобусты күтіп отырған жолаушыларды отырғызу үшін тоқтады.

Неге кейбір автобустар бүгін таңертең жүргенін, журналистерге, қала әкімінің баспасөз хатшысы Құбаш Мендіғалиев айтып берді.

— Себебі, барлық ұйымдар кеше автобустарды жалға ала алмады. Мұндай ұйымдарға бірігіп, автобустарды жалға алу ыңғайлы. Сондықтан, бүгін ұйымдардың қызметкерлерін нақтылау үшін, кейбір автобус жүргізушілері шықты. Қызметкерлерді жұмысқа әкелуге,қозғалыс маршрутын құру үшін, — деп түсіндірді Қүбаш Меңдіғалиев.

Автобус паркі өз жұмысын 24 сәуірде бастайды.

Айта кетерлік жайт, елдегі төтенше жағдай режимі мен облыста карантин күшейтілген тәртіп бойынша полиция қызметкерлері жолаушылардың құжаттарын тексеру үшін автобустарды тоқтатуы мүмкін. Егер полиция қызметкері сіздің мәліметтеріңіз электрондық базада жоқ екенін анықтаса, онда сол жерде хаттама жасалады. Құжат жасау кезінде ҚР Әкімшілік кодексінің 476-бабына «Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзу немесе талаптарды орындамауға»сілтеме жасайды.

— Хаттама жасағаннан кейін азамат үйге оралуға міндетті.Азаматтың қандай жаза алатын сот шешеді. ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабын бұзу ескерту жасауға немесе он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады, — деп хабарлайды БҚО полиция департаменті.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем23.25 ℃
Вечером21.37 ℃
Ночью15.18 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.06 м/с
2026-10-15
Утром14.28 ℃
Днем21.04 ℃
Вечером13.5 ℃
Ночью13.69 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.28 м/с