2020 жылдың 20 сәуірінен бастап Орал қаласында күшейтілген карантин режимі енгізіледі

БҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын орындау және коронавирусты инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері 2020 жылдың 20 сәуірінен бастап қалада күнделікті рейдтер өткізіп, блокпостарда бақылау күшейтіледі.

Раул Упоровтің суреті

ТЖ режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген және 10 АЕК (27 780 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға жазаланады.

Бүгінгі күні 476-бап бойынша 454 хаттама жасалды. Оның ішінде: 3 ескерту, 68 айыппұл, 154 қамау және 229 қарауда.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтардан карантинді режимді қатаң сақтауды және полицейлердің заңды талаптарына түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы шаралардың барлығы сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін қолданылады.

Қалаға кіру, шығу және қозғалу үшін Сізге stopcovid.kz. сайтына тіркелу керек.

ҚОЗҒАЛЫС БОЙЫНША ЖАДЫНАМА

Қала бойынша қызметі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен байланысты және STOPCOVID.KZ сайты арқылы қаланың жедел штабымен мақұлданған кәсіпорындардың қызметкерлері қозғала алады.

МАРШРУТ ҮЙ-ЖҰМЫС: ӨЗІМЕН БІРГЕ ЖЕКЕ БАСЫН КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТ БОЛУЫ КЕРЕК

Қала постына шығу/кіру: халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге маңызды кәсіпорындар (коммуналдық кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, мұнай-газ және құрылыс компаниялары, азық-түлік, дәрі-дәрмек және пошта қызметтері) өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып жүруі керек:

тауар-көлік жүкқұжаты не іссапар парағы не жеткізу парағы не жол жүру мекенжайы міндетті түрде көрсетілген маршруттық парақ болуы шарт.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-26
Утром12.44 ℃
Днем20.67 ℃
Вечером19.15 ℃
Ночью15.56 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра3.62 м/с
2025-04-27
Утром13.48 ℃
Днем17.19 ℃
Вечером8.63 ℃
Ночью7.11 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1004
Скорость ветра7.76 м/с