Теңіз кен орнында жаппай толқулар өтті
Әлеуметтік желілерде Теңізден бейнелер тарады: Болашақ вахталық кентінде 19 сәуір күні кешкісін тұрып жатқан адамдар коронавирустан қорқып, басқа вахталық кенттерден келген қызметкерлерді қоныстандыруға қарсы шықты, деп хабарлайды «Ақжайық».
ТШО баспасөз қызметі шын мәнінде толқуларға негіз жоқ екенін хабарлады. «Болашақ» лагерінің тұрғын үй блоктарына таңертең ерте үйге жіберілетін қызметкерлер қоныстанды. Олардың барлығы экспресс-тестілеуден өтті,барлығының нәтижелері теріс және қазір олар тасымалдауды күтуде. Сол жерде түсіндіру әңгімелері жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ТШО мердігер ұйымдармен және мемлекеттік органдармен бірлесіп тікелей өндірістік қызметке қатысы жоқ қызметкерлерді шығаруды жүзеге асыратыны белгілі болды, ал келесі бірнеше апта ішінде өндірістік қызмет қарқынын кезең-кезеңімен төмендетіп, қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр.