БҚО-да тағы 4 адамнан коронавирус анықталды. Жұқтырғандар саны 72-ге дейін артты
Екі байланыста болған оқиға кеше белгілі болса, тағы екі маусымдық жұмысшы бүгін анықталды. Бүгінгі күні жұқтырғандардың жалпы саны — 72 адам.

Кеше Орал қаласының 62 және 28 жастағы тұрғындары бұрын коронавирус ауруымен ауырған адаммен байланыста болған алғашқы 2 оқиғасы анықталды. Талдау нәтижелері бойынша оларда COVID-19 расталған. Олар карантиндік стационарға жатқызылды, олардың жағдайы қанағаттанарлық, олармен байланыста болған адамдар анықталды, дезинфекция жүргізілді.
Үшінші және төртінші жағдай-РФ-да вахталық әдіспен жұмыс істегендерден, бүгін «Сырым» өткізу пунктінде анықталған. 40 және 43 жастағы ер адамдардың денсаулығына шағым түскен жоқ, алайда оларды тексергенде коронавирусқа оң нәтиже берген соң облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Алғашқы екі жағдайдағыдай, олармен байланыста болған адамдар анықталды, ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді.
Бүгінгі таңда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында — 70 адам, провизорлық стационарда — 25 адам, карантинде — 48 адам, үй карантинінде — 939 адам бар. БҚО — да сырқаттанғандардың ағымдағы саны-72 адам. Олардың 61 — і сырттан әкелінген, 11 — і ішкі. 2 әйел адам COVID-19-дан сауыққан және үй карантинінде.
Алексей Воробьев