Заңгер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атқаратын мекемеге Орал саябағының жерін тексеруді өтінді.
«ОА» басылымынан кейін саябақ жерлерімен жер құқығы саласындағы заңгер, халықаралық сарапшы Бақытжан Базарбек айналысуды шешті. Ол бұл мәселені Facebook-тегі өз парақшасында хабарлады. Заңгердің айтуынша, жерді алып тастау әдісі жаңа емес, әрбір сыбайласқан шенеунікке белгілі.

«Ортақ пайдаланудағы жерлерге жер заңнамасында ерекше көзқарас бар. Маған түсініксіз, қалалық саябақтың мемлекеттік жер пайдаланушының құқығы бола тұра, бұл жер учаскелерінен қалай айырылады. Жер кодексінің 12 бабының 33 терминіне сәйкес, мемлекеттік жер пайдаланушыларға мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар жатады. Демек, Орал қаласының «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» МКК коммуналдық заңды тұлға болып табылады, демек мемлекеттік жер пайдаланушы. Жер кодексінің 39 бабы, 2-тармағына сәйкес қалалық саябақ, мемлекеттік жер пайдаланушы өз бетінше жерді иеліктен шығару, сондай-ақ кепілге беру құқығы жоқ. Басқаша айтқанда, Жер кодексімен қалалық саябақты өзінің жер учаскелерін иеліктен шығаруға тыйым салынған», — деп жазады Бақытжан Базарбек Facebook-те өз қызметінде.
Заңгер облыс әкімі Ғали Ескалиевқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстваға мәселені шешуді сұрайды. Бақытжан Базарбек сыбайлас жемқорлыққа қарсы сотқа дейінгі тексеру жүргізу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ресми жазбаша мәлімдемесін жақын арада жіберуге уәде берді.
Нана Иксанова