Орал қаласының бұрынғы әкімі қала саябағының аумағын қысқартуға қол қойған

Бұл туралы Facebook-тегі өзінің парақшасында жер құқығы саласындағы заңгер Бақытжан Базарбек хабарлады. №982 аумақты қысқарту туралы қаулыға дәл бір жыл бұрын қол қойылып, 2019 жылдың 26 сәуірінде берілген. Оған бұрыңғы әкім, қазіргі «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев қол қойған.

Мәдениет және демалыс саябағы. «ОА» мұрағатынан алынған фото.

«Әкім (экс-әкім — автор.ескерт.) қол қойған қаулыға сәйкес қала саябағының жер учаскесінің жалпы ауданы 24,2289 гектардан 23,9368 гектарға дейін қысқарады. Қаулыда қандай себептер бойынша және саябақ аймағының жері кімнің мүддесінде қысқартылатыны сипатталмайды! Саябақтың жер учаскесі құрамынан бөлінген үш жер учаскесінің пайдасына саябақ жерінің алаңы қысқара ма? Бұл сұраққа тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеру ғана жауап бере алады», — деп жазады Бақытжан Базарбек.

Заңгердің пікірінше, бұл қаулы «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» МКК-ның қандай да бір хатына жауап болды.

«Менде жер құқығы саласындағы сарапшы ретінде: қалалық саябақтың басшылығы, олардың мемлекеттік жер пайдаланушы ретінде, оған тиесілі жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға [сұрауға] құқығы жоқ екенін біле ме деген сұрақ туындайды. Және бұл хат қандай жағдайларда жазылды? «Жер ауданын қысқарту» атын жамылып, саябақ жерінің бір бөлігін иеліктен шығару емес пе,— деп сұрайды заңгер.

Бұған дейін Бақытжан Базарбек саябақ аумағындағы жер мәселесін толық шешу ниеті туралы хабарлаған болатын, және де облыс басшылығын осы мәселені егжей-тегжейлі талқылауды сұрады.

Нана Иксанова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-07
Утром9.99 ℃
Днем17.12 ℃
Вечером16.2 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.84 м/с
2026-10-08
Утром7.49 ℃
Днем16.44 ℃
Вечером12.43 ℃
Ночью8.07 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.57 м/с