БҚО-да Сovid-19-дан 7 адам жазылды

Барлық пациенттер облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды. Емдеуден кейін олар екі апта үй карантинінде болады. Осы уақыт ішінде дәрігерлер әлі де олардың хал-жағдайын қадағалайды. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болат Каюпов журналистермен өткен онлайн –брифингте мәлімдеді.

Иллюстрациялық фото

– Жеті пациенттің екеуі 10 күн бұрын шығарылып және қазір үй карантиніне жатқызылған. Екі әйел де өздерін жақсы сезінеді. Жұқпалы аурулар ауруханасынан Өзбекстанның төрт азаматы жазылып шықты,олар емделіп, Отанына жіберілді. Аурудан кейінгі екі апталық карантинді өз елдерінде өтеді. Біз Өзбекстандағы консулды карантин кезеңінде емделушілерге тиісті медициналық бақылау жасау керек туралы хабардар еттік. Біздің басшылық барлық алгоритмдерге сәйкес орындалатынына сендірді. Сондай-ақ ауруханадан тағы бір науқас шығарылды. Ол сондай — ақ үй карантинінде және оның денсаулық жағдайы медиктердің күнделікті мониторингімен қадағалануда, – деді Болатбек Каюпов.

Каюповтың айтуынша, облыста коронавирусты жұқтырудың 122 оқиғасы тіркелген. Олардың 105 — і сырттан әкелінген жағдайлар, (негізінен азаматтар РФ-дан жұмыстан келген), 17-ауырғандардың 12-сі байланыста болған дәрігерлер. Қазір инфекциялық стационарда 115 адам бар, оның ішінде 1 бала.

– 79 адамда-аурудың жеңіл түрі, 33 науқас инфекцияның орташа сатысында. 4 пациентке диагностика жүргізілді, ол тыныс алу жетіспеушілігінсіз пневмонияны көрсетті және 1 пациент қарқынды терапия реанимация бөлімінде жатыр. Бірақ реанимациялық пациентте жағдайдың оң динамикасы байқалады және жақын күндері оны әдеттегі палатаға ауыстырамыз деп үміттенеміз, — деді Болатбек Каюпов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы облыс бойынша медицина қызметкерлері 16 мың адамды тексеріп, коронавирусты анықтауға 5 мың талдау жүргізгенін атап өтті.

Өткен аптадағы Қазақстан бойынша COVID-19 жағдайы:

Ауырғаны -971 адам

Жазылғаны-268 адам

Қайтыс болғандар-8 адам

Ел бойынша сырқаттанғандардың ең көп өсімі:

Алматы — 336

Нұр-Сұлтан-113

Шымкент-104

Павлодар облысы-76

Батыс қазақстан облысы-70

Ең аз өсім:

Солтүстік қазақстан облысы — 1

Шығыс қазақстан облысы — 8

Маңғыстау облысы-15

Ақтөбе облысы — 28

Қостанай облысы-28

Өңірлер бойынша сауықтырылғандардың ең көп саны (өңірде сырқаттанғандардың жалпы санының пайызы):

Нұр-Сұлтан-214 (33,1%)

Алматы — 90 (13,9)%)

Қызылорда облысы-80 (12,3%)

Атырау облысы-42 (6,5%)

Жамбыл облысы-42 (6,5%)

27 сәуірге Қазақстан бойынша барлығы:

COVID-19-дың 2780 жағдайы тіркелген

сауыққаны – 682

қайтыс болғаны-25

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-19
Утром15.11 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером20.75 ℃
Ночью18.71 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра5.35 м/с
2025-06-20
Утром14.24 ℃
Днем19.93 ℃
Вечером21.98 ℃
Ночью15.74 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра9.94 м/с