Оралда карантин режимі жеңілдетілді (сұрақ-жауап)
Орал қаласының әкімі 28-ші сәуір күні күшіне енетін карантиндік шараларды жеңілдету туралы айтып берді. Осылайша, саяжайшылар өз учаскелеріне аптасына үш рет бара алады, ал қоғамдық көлік өз қозғалысын бастайды.

– Автобустар қашан жүреді?
– Автобустар өз қозғалысын ертеңнен 28 сәуірде бастайды. Олар таңғы сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Оның арғы күні (29-ші сәуір) өз қозғалысын саяжай маршруттары бастайды. Автобуспен саяжайға сағат 06:00-ден 09:00-ге дейін баруға, сағат 17:00 — ден 20:00-ге дейін қайтып келуге болады.
– Саяжайға қай күндері баруға болады?
– Әкімдікте ертеңгі күннен бастап қолданысқа енгізілетін жаңа алгоритм әзірленді. Мәселен, нөмірлері тақ саннан басталатын автомобиль иелері саяжайға сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері бара алады. Жұп саннан басталатын нөмір иелері — сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері. Бір отбасынан саяжайға жүргізушіні қоса алғанда, үш адамнан аспайтын адам бара алады. Саяжайға бару кезінде өзімен бірге жеке куәлігі, бау-бақша қоғамының төрағасы растаған мүшелік кітапшасы немесе учаскеге арналған құжаттары болуы керек. Саяжайдағы адамдардың санын ат полициясы мен әкімдік қызметкерлері бақылайтын болады.

– 65 жастан асқан адамдарға саяжайға баруға бола ма?
– Иә, әкімшілікте ресми түрде 65 жастан асқан адамдарға саяжай учаскелеріне баруға рұқсат етілді.
– Қандай кәсіпорындар өз жұмысын бастайды?
– Ертеңнен бастап ірі дүкендер, автосервисттер, шиномонтаждар, автожуғыштар, қосалқы бөлшектер сату бойынша дүкендер, химиялық тазалау, құрылыс дүкендері, ұйымдастыру техникасын жөндеу пункттері өз жұмысын бастайды. Қаланың басқа да кәсіпорындары кезең-кезеңмен жұмысқа қосылады.
– Серуендеуге бола ма?
– Иә, серуендеуге болады, бірақ тек «үйден алысқа көп ұзамай». Бұл ретте жеке қорғану құралдары — бетперде және қолғаптар туралы ұмытпау керек. Топқа үш адамнан астам адам жиналуға тыйым салынады,ал балаларға тек ересектердің қатысуымен серуендеуге болады. Қала әкімі заттарды ұстамай, бір-бірінің арасында 1,5-2 метр қашықтықты сақтау керектігін ескертті. Өзімен бірге әрдайым жеке куәлігі болуы керек.
– Базар жұмыс істей ме?
– Жоқ, базарлар әзірше жұмыс істемейді. Сондай-ақ моншалар, шаштараздар және басқа да адамдар көп жиналатын орындар жұмыс істемейді.
Алексей Воробьев