«Бізге дәрігерлер келмеді, бірақ полиция взводы келді» — Оралда COVID-19-пен адамдарды қалай емдейді?
«Біздің барлығымыздың деніміз сау, ал бізді атауын айтпайтын таблеткалармен емдейді,» — дейді коронавирус диагнозымен Оралдың жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылған адамдар. Кеше жұқпалы аурулар ауруханасының емделушілері наразылықтарын білдірмек болғанда полиция көмегімен басып тастады.
«Орал апталығының» тілшілерімен жұқпалы аурулар ауруханасының емделушісі Н. (аты-жөні этикалық тұрғыдан жарияланбайды) байланысты. Ол Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы тұрғындарының бірі, коронавирус диагнозы қойылған.
– Мен 7 күн бойы Тасқала ауданында шекараны кесіп өткенде, талдау нәтижелері бойынша анықталған коронавирус диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын. Бірақ мен сап-саумын. Температура, жөтел жоқ, ешқандай симптомдар жоқ. Мен алты жігітпен палатада жатырмын. Олар да сау. Тіпті бізде тұмау жоқ, – деді ер адам.
Оның айтуынша, ол бір апта бұрын үйіне, Тасқала ауылына, Ресейден, вахталық әдіспен жұмыс істеп қайтып келе жатқан. Шекарада оның температурасы мен қысымын өлшеді. Барлығы қалыпты болды.
– Менде температура 36,6 градус болды, қысым 120/80. Осыған қарамастан мені үйге жібермеді,бірден шекаралық аймақта карантиндік блокқа жеткізді. Келесі күні мені және тағы үш жігітті жұқпалы ауруханаға жатқызды. Мен өз құлағыммен инфекциялық ауруханада бізді жеткізген дәрігерден: «Бұл адамдардың талдау нәтижелері қайда?» сұрағанын естідім. Бізді жеткізген дәрігер нәтижелер мен қорытынды кейінірек болатынын айтты. Біз кезекте тұрған кезде менің көзіме қағаз парағы түсті. Ондағы тізімде менің аты-жөнім болды. Менің атыма қарама-қарсы «теріс» деген жазу болды. Мені және тағы екі баланы палатаға орналастырды. Екі күннен кейін палатаға тағы үш баланы жатқызды. Олар да, біз сияқты, сап-сау. Ыстық та, жөтел де жоқ. Бұл үшеуі де біз сияқты вахташылар. Бірақ оларды шекарадан өткеннен кейін үйлеріне жіберген. Олар үйде бір апта өткізіп, содан кейін ғана дәрігерлер келіп, инфекционға алып кеткен. Бізге қаптамасыз белгісізтбір таблетка береді. Таңертең және кешке бір данадан. Таблеткалардың атаулары айтылмайды. Дәрігерлер бізді қарамайды. Тек медбике келеді. Палатадан шығуға рұқсат етілмейді. Барлық медбикелер қорғаныш киімдерімен. Біздің сұрақтарымызға, жауап бермейді», жоғарыдан нұсқау солай дейді болды.
Кеше біз наразылық өткіздік. Осы аурухананың дәрігерлерімен немесе бас дәрігерімен кездесуді талап еттік. Дәлізге шықтық. Сонда мен басқа палатадағы адамдарды көрдім. Оларда да біз сияқты температура немесе жөтел жоқ. Барлығы сап-сау. Дәрігерлер бізге келген жоқ, бірақ полиция взводы келді, олар бізді қайтадан палатаға қуды. Ең таңқаларлығы, полицейлерде тек бетперде мен қолғаптар болды. Басқа жеке қорғану құралдары болған жоқ. Ал формальды түрде біз қауіпті аурумен ауырамыз! Бұл қалай?! – деп, біздің сұхбаттасушымыз наразылық білдіреді.
Осы аурухананың коронавирус диагнозы қойылған басқа емделушісінің айтуынша, ол және оның палатасында жатқандар оларға медбике әкелетін таблеткаларды қабылдаудан бас тартқан.
– Біріншіден, біз бәріміз саумыз. Ешқандай симптомдар жоқ. Екіншіден, бізге таблеткалардың қаптамаларын көрсетпейді және олардың атауларын білмейміз. Үшіншіден, осы таблеткалардан кейін палатада біздің барлығымызда диарея басталады. Біз дәретханаға кезекке тұрамыз. Осыдан кейін мен осы таблеткаларды ішуден бас тарттым. Медбике бізге, егер біз емдеуден бас тартсақ, сотталасыңдар дейді. Бірақ біздің еш жеріміз ауырмайды. Бізді неден емдейді? Мен 6-күн ауруханада жатырмын. Біздің корпуста жатқан көптеген адамдармен сөйлесіп үлгердім. Ешқандай симптомдар жоқ! – деп хабарлады біздің сұхбаттасушымыз.
Естеріңізге сала кетейік, 27 сәуірде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов брифингте сөйлеген сөзінде ауруханаға жатқызылған коронавирусты жұқтырған адамдардың басым көпшілігі ауруды симптомдарсыз өткізетінін хабарлады. Сондай-ақ, ол БҚО-да осындай диагнозы бар бірде-бір емделушіге өкпені жасанды желдету аппаратын қоспағанын айтты.
Лұқпан Ахмедьяров, Мария Драчева