БҚО полиция департаментінде жұқпалы аурулар ауруханасындағы емделушілердің жағдайына түсініктеме берді
Ведомствода журналистерге полиция қызметкерлері облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына барғанын растады. Бірақ полицейлер жеке қорғаныс құралдарынсыз болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

— Біздің қызметкерлеріміз шынымен жұқпалы аурулар ауруханасына барды, бірақ олардың әрқайсысына жеке қорғану құралдары (ЖҚҚ.автор.ескерт.) берілді. Тек бетперде мен қолғап ғана емес, арнайы қорғаныс комбинезоны мен көзілдірік. Барлық қызметкерлер коронавирус ошақтарында жұмыс істеген кезде міндетті түрде қорғау құралдарын пайдаланады,-деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, «ОА» сайтында Оралдағы коронавирусы бар пациенттерді қалай емдейтіндігі туралы ақпарат жарияланған болатын. Редакцияға қоңырау шалған емделуші оның және басқа да емделушілердің өздерін сау сезінетінін, ол туралы дәрігерлерге хабарлағысы келгенін айтты. Бірақ дәрігерлердің орнына полиция взводы келіп, оларды қайтадан палатаға қуған.
Қоңырау шалған науқастың айтуынша, полицейлерде тек бетперде мен қолғап болған. Басқа жеке қорғану құралдары болмаған.
Сондай-ақ, оқыңыз: Коронавируспен емделушілерді АИТВ инфекциясына қарсы дәрімен емдейді
Мария Драчева
