«Қазақстандықтар жаңа үлгідегі пневмониямен өмір сүреді» – ҚР бас санитарлық дәрігері
Қазақстанның бас мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус ЖРВИ немесе тұмау сияқты маусымдық ауруға айналады деп есептейді. Бұл туралы ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында өткен онлайн-брифинг барысында хабарлады.

— Біз карантин болмаса да, коронавируспен әрқашан өмір сүретінімізді түсінуіміз керек, ол 2009 жылы құс тұмауы сияқты маусымдық аурулар қатарына өтеді. Коронавирустық инфекция осыған ұқсас жағдай. Сондықтан біз бұған үйреніп, онымен өмір сүруге, қорғануға, күнделікті өмірде алдын алу шараларын қолдануға тиіспіз, – деді Айжан Есмағамбетова.
Бас санитарлық дәрігер атап өткендей, Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін коронавирустың 3 400 жағдайы болжануда (30 Сәуірде 16:30-да республикада 3356 жағдай тіркелген,автор.ескерт.) ал мамыр айының соңына дейін бұл шамамен 5 300 оқиға болады.
– Біз болжамдарды түзетдік, бұл шекара маңындағы аумақтардан әкелінетін жағдайлардың жеткілікті санының болуына байланысты. Соңғы екі аптада 200-ден астам жағдай. Сан сыртқы қауіптің бар екенін айтады. Аптаның соңғы күндері жалпы ел бойынша сырқаттанушылық 8% – дан 5,5% – ға дейін төмендеді. Яғни, бір апта ішінде 2,5% төмендеді. Алайда, кейбір өңірлерде ауру 0-ден 40% – ға дейін өзгеруі мүмкін. Ауру толқын сипатты. Карантин әзірше қажет – дейді Айжан Есмағамбетова.
Сондай-ақ, санитарлық дәрігер, қазір республикада үй карантин режимін бұзу жағдайлары бар екенін хабарлады. Онда шамамен 32 мың адам бар. Мұндай бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, тіпті 15 тәулік мерзімге қамауға дейін. Құқық қорғау органдары мұндай жағдайларды қадағалайды және тиісті шаралар қабылдайды.
Есмағамбетованың айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ғылыми бағдарламаларды дамытуға қаражат қарастыруда. Олар бойынша коронавирустық инфекцияның құрылымы, мутациясы және жұғу жолдары зерттелетін болады.
Мария Драчева