Тоқаев Дариға Назарбаеваны қызметінен босатты
Қазақстанның экс-президенті қызының өкілеттігін тоқтату туралы жарлық бүгін, 2 мамыр күні «Ақорда» сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды», — делінген хабарламада.
Мұндай шешімнің себептері туралы ештеңе белгісіз. Ақорда сайтында Жарлыққа ешқандай түсініктеме берілмейді.
Twitter-де Тоқаев сондай-ақ Назарбаеваға атқарылған жұмысы үшін алғысын білдірген хабарлама жариялады.
«Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретіндегі белсенді және жемісті жұмысы үшін алғыс білдіремін», — деп жазды қазіргі президент.
Естеріңізге сала кетейік, Дариға Назарбаева — Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. Палата спикері болып оны 2019 жылдың наурыз айында сайлады, осы жылдың тамыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты оны Сенат депутаты етіп қайта тағайындады, ал 2 қыркүйекте ол Назарбаевтың үлкен қызын Парламент Сенатының төрағасы етіп қайта сайлау туралы ұсыныс енгізді. Оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.