Жайыққа су келу көлемі азайды

6-шы сәуірде Елек су қоймасы Жайық өзеніне су ағызуды секундына 15 текше метрге дейін азайтқан. Бұл Орынборда өткен Елек су қоймасының жұмыс режимін реттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында су ағызуды арттыру туралы қабылданған шешімге қарамастан жасалды.

Қазір өзендегі су деңгейі өткен жылдың көрсеткіштерінен асып түсті.

15 наурызда су ағызу деңгейі жұмыс тобының қорытындысы бойынша жоспарланғандай, секундына 30 текше метрді құрады. Алайда, одан әрі көтерілген жоқ, 5-ші сәуірде су шығару деңгейі секундына 20 текше метрге дейін төмендеді. Келесі күні су ағызу деңгейі секундына 15 текше метрге дейін төмендеді және бұл жағдайда әлі күнге дейін сақталуда.

Жұмыс тобы қабылдаған шешімге қарамастан, су деңгейі секундына 500 текше метрге дейін жетпейтіндігін анықтау үшін (мұндай деңгейге дейін ағызу сәуір айының 19-ына дейін артуы тиіс еді — автор.ескерт.) біз Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Галидулла Азидуллинге жүгіндік.

– Иә, Елек су қоймасының жұмыс режимін реттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы Наурыз мерекесі алдында өтті. Онда Росгидромет болжамы ұсынылды, ол Елек су қоймасында су ағынының орташа көпжылдық нормасынан үш есе асып түсті. Егер жыл сайынғы ағын нормасы 1,2 млрд текше метрді құраса, болжам бойынша маскималдық ағын 3,3 млрд текше метрді құрауы тиіс. Осы болжамдарға сәйкес еріген суды қабылдау үшін су қоймасынан су жіберу көлемі есептелген, — деп түсіндірді Галидулла Азидуллин.

Оның айтуынша, сол кезде Елек су қоймасының бос сыйымдылығы шамамен 1 млрд. текше метр су құрады, және ол 3,3 млрд. ала алмады.

– 10-шы наурызда біртіндеп ағызу басталды. Алайда, 18-ші күні, біз ресейлік әріптестерімізбен сөйлескен кезде, олар болжамдық деректердің ақталмайтынын хабарлады. Мәселен, болжам бойынша, 20 наурызға дейін су қоймасындағы су ағыны секундына 300 текше метрді құрауы тиіс болатын, бірақ тек 30 текше метр ғана келді. Сондықтан да су ағызуды секундына 15 текше метрге дейін азайтқан. Бүгінгі таңда су қоймасының бос сыйымдылығы әлі күнге дейін толтырылмаған — 400 млн.жуық толтырылмаған кубокилометр қалды, — деп толықтырды ол.

Егер Жайық өзені туралы айтатын болсақ, орташа жылдық ағын 9,46 млрд.текше метр су құрайды, дейді Галидулла Азидуллин. Өткен жылы жыл бойы тек 3,5 млрд. су келді-бұл жылдық нормадан 3 есе аз. Бірақ бұл ресейлік тарап, суға қарық боп, бізге тамшылатып жібереді дегенді білдірмейді. Өткен жылы Жайық өзені бойынша Орал қаласында Орынбор облысының өкілдерімен кеңес өтті — олар жазда өзенінің таязданатыны соншалық, тізеден кесіп өтуге болатынын айтты.

— Біз Ресей тарапынан судың түсу жөніндегі хаттамаға мониторинг жүргізіп, бақылау жасаймыз. Ведомствоаралық жұмыс тобы жылына бір рет өткізіліп отыр, сондықтан біз қазір су тасқыны кезінде бізде су жеткілікті болады деген пікірді ұстанамыз, және Елек су қоймасынан су жіберу жағдайымызды жақсартпайды. Бірнеше күн бұрын Оралдағы су деңгейі өткен жылдан жоғары болды: Өткен жылы ол 240 сантиметрді құрады, қазіргі уақытта 279. Жағдай тұрақты және көпшілігі Елек су қоймасынан келетін су көлемімен қателеседі. Иә, Елек су қоймасы өзеннің сулылығына әсер етеді, бірақ су тасқыны кезінде су тасқыны шегін кескенде ғана, — деп түйіндеді Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы.

Алексей Воробьев

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-08-09
Утром17.05 ℃
Днем31.71 ℃
Вечером32.17 ℃
Ночью24.64 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.31 м/с
2022-08-10
Утром21.84 ℃
Днем32.58 ℃
Вечером31.64 ℃
Ночью25.64 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра3.7 м/с