БҚО-да ТЖ жойылғаннан кейін карантин бұзушыларды не күтеді
ҚР Президенті коронавирустың өршуі болмаса, республикада төтенше жағдай режимін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты көптеген азаматтарда карантин бұзушыларға әкімшілік жазаларды жеңілдету туралы мәселелер туындай бастады.

Карантинде жатқандарға үйден шығуға болмайды, бұл тәртіптің сақталуын полиция қызметкерлері қатаң қадағалайды. Адам карантинді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.ҚР Әқбтк-нің 476 бабы, 6-тармағы негізінде «Төтенше жағдай режимін бұзу және ҚР ӘҚБтК 478-бабы «ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер».
Карантин тәртібін бұзып, ТЖ аяқталған кезде жазасын өтеп жатқан адаммен не болады? Бұл сұраққа Орал қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманалиев жауап берді.
— Мысалы, азамат 15 тәулікке төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамауға алынды, оның ішінде 10 тәулігі өтті, ал төтенше жағдай осы уақытта жойылды. Бұл сұраққа жауап бере отырып, 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешімді сот шығарады. Тәртіп бұзушы сот шешімі бойынша төтенше жағдай режимін алып тастағанына қарамастан, жазасын толық өтеуі тиіс, — деп хабарлады Жантемір Иманалиев.
Сондай-ақ, ол, егер әкімшілік іс аяқталған кезде сотта қарауда болса, онда оның өндірісі ТЖ күшін жоюмен бірге тоқтатылады.
БҚО-да карантин 30 наурыздан бастап бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен енгізілді. Оралда ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағын бұзғаны үшін 373 әкімшілік хаттама анықталып, жасалды. Олардың 191-і Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды.Сот шешімімен 65 мекеменің иесі мен жеке тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 1 632 001 теңгеге 10 АЕК (27 780) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. 9 иеленушіге ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылды. 5 әкімшілік өндіріс тоқтатылды. 112 әкімшілік іс қаралып, 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарды.
Карантин кезінде кәмелетке толмағандарды да жазалайды. Оралдағы тәртіп бұзғаны үшін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторлары карантин режимін бұзған 40 жасөспірімді анықтады. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта мамандандырылған әкімшілік сот 9 заңды өкілге қатысты 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды. 30 жасөспірім ескерту алды.
ТЖ ұғымы, төтенше жағдай — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттің конституциялық құрылысын қорғау мүддесінде ғана қолданылатын уақытша шара. Бұл азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметінің ерекше құқықтық режимі.
Карантин—бұл жұқтырылған немесе жұқтыруға ықтимал күдікті адамды дәрігердің шешімі бойынша оқшаулау. Бұл шара адам ауырғанда, бірақ үйде емделуде болған кезде, науқастармен байланыста болған кезде немесе басқа себептермен жұқтырылуы мүмкін болғанда қолданылады.
Сондай-ақ, оқыңыз: Оралдағы карантин кезінде жұмыстан алынған анықтамалардың күші жойылды. Енді барлығы электронды түрде болады
Оралда карантин режимі жеңілдетілді (сұрақ-жауап)
БҚО –да карантин кезінде интернет-қылмыс саны артты
Мария Драчева
