БҚО-да СОVID-19-бен ауырғандар саны 252-ге жетті. 96 адам сауықтырылды
БҚО-да өткен мамыр мерекелерінде сырқаттанғандар саны 252 адамға артты. Олардың арасында біздің және басқа да облыстардың тұрғындары, сондай-ақ Ресейден келген вахталық жұмысшылар бар. Коронавирусты инфекциядан сауыққандар саны 96 адамға жетті.

Кеше, 10 мамыр күні анықталған 5 пациенттің екеуі – Түркістан облысының тұрғындары, біреуі – Шымкент қаласының тұрғыны және біреуі-БҚО тұрғыны. Олар Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс істеген, «Тасқала» өткізу пунктінен өткен кезде ауру анықталды, олардың денсаулығына шағым түскен жоқ. Қазір ерлер ауруханаға жатқызылып, олармен байланыста болған адамдар анықталды, санитарлық өңдеу жүргізілді.
Коронавирус Орал қаласының 34 жасар тұрғынынан табылды. Ол бұрын анықталған науқастармен байланысқа түсу себепті карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық зерттеулерге сынама алынды.
Бүгінгі күні 252 коронавирус ауруымен ауыратындардың, 203-сырттан әкелінген жағдайлар. 41 ауру-науқастармен байланыста болған медицина қызметкерлері. Сондай-ақ, 20 сәуірден бастап БҚО-да Теңіз кен орнынан біздің облыстың 2 мың тұрғыны келді, олардан 43 ауру расталды. Жұқпалы аурулар ауруханасынан 96 адам шығарылды.
Алексей Воробьев