Тоғжанов мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының жұмысына қатысты пікір білдірді
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстандағы мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының жұмысына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кәсіпкерлер мен халықтан ойын-сауық орталықтарының, мейрамханалардың және қонақүйлердің жұмысына қатысты көп сұрақ түсіп жатыр. Бұл кезеңде олардың қызметі әзірше басталмайтынын ерекше айтып өткім келеді. Бұл мәселе кейінірек өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты қарастырылады. Халық көп жиналатын іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынады», – деді Тоғжанов брифингте.