Карантиннен кейін жұмыссыз қалмаймыз ба? Әлеуметтік зерттеу

Әлемдегі 436 миллионнан астам кәсіпорын банкроттық жағдайдың алдында тұр

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды

«Rysqulov Аnalytics» зерттеу орталығы төтенше жағдайдың ел тұрғындарының жұмыс пен табысына ықпалына әлеуметтік зерттеу жүргізді.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) соңғы мәліметтерін қарайтын болсақ, әлемдегі жұмысшылардың жартысы күнделікті табысынан айырылуы мүмкін. Covid-19 пандемиясының жойқын салдары экономиканың бейресми секторында жұмыс істейтін адамдардың және жүздеген миллион кәсіпорындардың табысынан құр қалдырып отыр. Ең бірінші және ауыр соққыны бейресми немесе өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтар алуда. ХЕҰ-ның бағалауынша, олардың саны – 1,6 млрд адам, әлемдік еңбек күшінің тең жартысына жуығын құрайды. Сонымен қатар, әлемдегі 436 миллионнан астам кәсіпорын банкроттық жағдайдың алдында тұр. Олардың ішінде:

көтерме және бөлшек саудада шамамен 232 млн;

өңдеу өнеркәсібінде – 111 млн;

қонақүйлер мен тамақ өнімдері саласында – 51 млн.

ХЕҰ-ның наурыз айындағы болжамына сәйкес мемлекеттер қандай да бір шара қолданбаса коронавирустық пандемияның салдарынан 25 миллионнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Covid-19 пандемиясы әлемдегі дамыған және дамушы елдердің экономикасына айтарлықтай залал келтіруде. Мысалы, Bloomberg ақпараттық агенттігінің айтуы бойынша, әлемнің жетекші державасы АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 15%-ға жетіп қалған.

Дәл осындай жағдай сонау Ұлы тоқырау кезінен болмаған.

Карантиннен кейін Қазақстанда миллиондаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Cтатистика комитетінің сайтында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 2020 жылдың наурыз айында 4,8% деп көрсетілген. Ал LS Aqparat ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ұлттық экономика министрлігі биыл Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5,8%-ға өседі деп болжауда. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес бұл көрсеткіш алдағы уақытта 7,8%-ға дейін көтерілуі мүмкін.

Біздегі ресми жұмыссыздық деңгейінің төмен болуын көп жағдайда елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың көп болуымен түсіндіруге болады. Соңғы мәліметтер бойынша осы категорияға жататын азаматтардың саны 2 миллионға жетті. Елімізде карантин жариялағалы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны айтарлықтай өсіп жатыр. Мемлекет тарапынан бөлінетін 42,500 теңге әлеуметтік жәрдемақыны алуға 8 млн 29 мың адам өтініш берген. Бұл еліміздегі 9 млн 200 мың құрайтын экономикалық белсенді халықтың 87 пайызы мемлекеттен көмек алуға мәжбүр болып отырғандығын білдіреді.

Демек, бұл статистикалар еліміздегі жұмыссыздық пен табысынан айырылғандардың саны үкімет келтірген ресми ақпараттан әлдеқайда жоғары екендігін аңғартады. Осы мәселелерге байланысты, еліміздегі статистика комитеті экономикалық-әлеуметтік жағдайымызға әділ баға беріп, шынайы статистиканы көрсетуі керек деп есептейміз.

Аталған мәселеге байланысты «Rysqulov Аnalytics» зерттеу орталығы халық арасында сауалнама жүргізген болатын. Сауалнамаға жасы 18-ден жоғары, ҚР азаматы болып табылатын 1 100 респондент қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша «Коронавирус індетіне байланысты енгізілген төтенше жағдайдың салдарынан жұмысыңыздан айрылдыңыз ба?» деген сұраққа сауалнамаға жауап берген азаматтардың 24,6% «Жұмыссызбын» және 15,5% «Иә, жұмыстан айырылдым» деп жауап берген. 8,9% респонденттер «Күнделікті табыс тауып отырған едім, осы жағдайға байланысты жұмыс жоқ» деп жауап берген. Сонымен қатар, 5,7% сауалнамаға жауап берген азаматтар «Жеке кәсіпкермін, жұмысым тоқтап қалды» деп хабарласа, 32,1%-ы «Жоқ, жұмыстамын, қашықтан істеп жатырмын». Қорыта айтқанда, сауалнама нәтижесі дәл қазіргі карантин жағдайында 67,9% респонденттердің жұмыссыз отырғанын көрсетеді.

Еліміздегі орта тап жаңа кедейлерге айналуы мүмкін

Covid-19 пандемиясының өршу салдарынан әлем бойынша енгізілген «Ұлы карантин» шараларынан кейін көптеген мемлекеттердің экономикасының төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі, әлеуметтік жағдайдың нашарлауының нәтижесінде халықтың кедейшілікке әкеліп соғу қауіпі төніп тұр. Oxfam International коронавирус індетінен туындаған экономикалық дағдарыс әлем бойынша жарты миллиард адамды кедейшілікке әкелеуі мүмкіндігін ескертеді. Вирустың салдарынан ашаршылық, қылмыстың өршуі және тіпті азаматтық соғыс туындау мүмкін.

Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы тұрақтылықты сақтау Еуропаның негізгі мүддесі болып табылады. Осыған байланысты Германия Даму министрі Герд Мюллер Еуропалық Одақ мүшелерін 1 трлн еуро мөлшерінде Сovid-19 бағдарламасы аясында табысы төмен мемлекеттерге көмек көрсету керектігін айтты. Жұмыссыздық наурыз айында 8%-дан сәуір айының ортасында 26%-ға дейін өршіген Үндістанда қосымша 100 млн адам Дүниежүзілік банктің кедейлік шегінен төмен түседі деп болжам жасалуда . Дүниежүзілік банктің болжауынша Азияда бұл көрсеткіш 11 млн адамға жетеді екен.

Қазақстанға келетін болсақ, Дүниежүзілік банктың деректеріне сәйкес еліміздегі кедейшілік деңгейі 2019 жылы 8,6%-ды құраған, ол дегеніміз 1,2 млн адам. Сovid-19 пандемиясының салдарынан бұл көрсеткіштің өсу ықтималдығы өте жоғары. Мәселен, «Rysqulov Аnalytics» жүргізген әлеуметтік сауалнамада «Төтенше жағдайдың енгізілуі сіздің әлеуметтік жағдайыңызға қаншалықты әсер етті?» деген сұраққа респонденттердің 28,4%-ы «Орташа деңгейде әсер етті, жұмыс орным сақтаулы, алайда табысым төмендеді» деп хабарласа, 23,9%-ы «Қатты әсер етті, жұмысым да жоқ, табысым да жоқ» деп мәлімдеген. Ал, 12,7% респондент яғни 140 азамат «Жағдайым қиын, карантинге дейін де қаражат тапшылығын сезінген едім, қазір күн көруге қаражатым қалмады» деп жауап берген. Респонденттердің 30,5%-ы карантин олардың әлеуметтік жағдайына ешқалай әсер етпегенін хабарлаған.

Оған қоса, Қазақстанда халықтың көпшілік бөлігінде жинақ қоры, сәйкесінше «ауыр күндерге» сақталған қаражаты бар деп сенімділікпен айту қиын. Мысалы, «Rysqulov Аnalytics» зерттеушілерінің карантин уақытында жүргізген әлеуметтік сауалнамасы нәтижелеріне сәйкес, «Қиналып қалған жағдайда пайдаланатын отбасылық немесе өзіңіздің жеке қаражат қорыңыз бар ма?» деген сауалға 78,1% респондент, яғни, 859 азамат «Жоқ, ай сайынғы шығынымнан артылмайды» деп мәлімдеген. Қалған 21,9% яғни 241 азамат «Иә, бар» деп жауап берген.

Бұл сауалнама нәтижелері пандемиядан кейін жұмыссыздық үлкен деңгейде сақталса және экономиканың қалпына келуі бәсең болатын болса, көптеген адамдар өзінің отбасын асырау үшін қарызға кіріп, несие алу мүмкін екендігін көрсетеді. Нәтижесінде орта тапқа кіргендер арасынан немесе оған кіріп үлгермегендер арасынан жаңа кедейлер пайда болуы мүмкін. Бұндай жағдай 2008-2009 жылдағы қаржы-экономикалық дағдарыстан кейін байқалған болатын.

Қылмыс күнкөріс көзіне айналмасын

Жұмыссыздық және кедейшілік нәтижесінде туындайтын экономикалық дағдарыс қоғамдағы әлеуметтік қылмыс деңгейінің өсуіне де алып келуі ықтимал. Дегенмен, дағдарыстың қылмыс көрсеткішіне әсер етуін болжау қиын мәселе. Соңғы кездері әлеуметтік желілерде көбейіп кеткен видеолардан азаматтардың полиция қызметкерлерімен теке-тіресін көріп жүрміз. Осыған қарап, азаматтардың полиция қызметкерлеріне деген құрметтің жоқтығы мен халықтың карантин кезіндегі көңіл-күйін көрсетеді. The Economist басылымының айтуы бойынша, АҚШ-та наурыз айында қару-жарақ сатылуының 85%-ға артыпты . Бұл да халықтың посткарантиндегі қылмыстық жағдайға үреймен қарайтынын дәлелдейді. Жоғарыда айтылған жұмыссыздық деңгейінің өршуімен қатар, халықтың кедейленуі, онымен қоса тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейінің көтерілгендігі де посткарантиндік кезеңдегі қылмыстық деңгейдің өсуіне әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне Қазақстанда қылмыс жасайтындардың 83,8% – жұмыссыз деген де ақпарат бар.

Жұмыссыздықты қысқартамын десеңіз…

Жұмыссыздық және оның салдарлары туралы терең талқылап өттік. Үкімет те бұл мәселені жетік түсініп, өзінің жұмыссыздықтың алдын алуға қатысты іс-шарасын бастап та кетті. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жақында жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған бизнестің жаңа жол картасын әзірлегенін жариялады. Аталған жол картасына 1 трлн теңге қаржы бөлінуі жоспарлануда. Жол картасына сәйкес елімізде 242 мың жаңа жұмыс орындары ашылады. Бұнымен қатар, үкімет құны 50 млрд теңге тұратын «Еңбек» бағдарламасы арқылы 136 мың жаңа жұмыс орнын ашпақ.

Әрине, бұл бағдарламалар көңілімізге бір қуаныш, болашаққа кішігірім сенім оятады. Алайда, еліміздегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы көп жағдайларда жоспардағыдай бола бермейді. Сонымен қатар, аталған жол картасы дағдарысқа ұшыраған бизнестер мен жұмыс орындарында күтіліп отырған жаппай қызметкерлердің жұмыстан қысқару процессін шешуде еш дәрменсіз. Осы орайда, «Rysqulov Аnalytics» зерттеу орталығы келесідей шешу жолын үкіметке ұсынады. Үкімет жаңа жол картасында шағын және орта бизнес саласында қызмет атқаратын жұмысшылардың 50%-дық жалақысын алты ай көлемінде мемлекет есебінен өтеп беруді ескергені тиіс. Ал қалған 50%-ын бизнес өзі төлеуі керек. Бұл кәсіпорындарда жалған қызметкерлердің пайда болу қаупін сейілтеді. Сондай-ақ, компаниялардың қаржысының көп бөлігін алатын жалақы шығынының жартысын мемлекет жабу арқылы, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдеріне үлкен көмек көрсететін еді. Дәл осындай бағдарламаларды әлем елдері қазіргі күндері сәтті қолдануда.

Мысалы, Ұлыбритания үкіметі елдегі әлеуметтік жағдайды шиелендірмеу және бизнесті қолдау мақсатында карантин кезінде жұмыс орындарды сақтау бағдарламасын (Coronavirus Job Retention Scheme) жасап шығарды. Бағдарламаға сәйкес, Британия үкіметі өтініш білдірген бизнес өкілдерінің жұмысшыларының үш ай бойы жалақысының 80%-ын төлейді. Бұл мерзім қажеттілікке байланысты созылуы мүмкін. The Guardian басылымының айтуы бойынша Дания үкіметі де жекеменшік секторда жұмыс істейтін қызметкерлер жалақысының 75%-ын мемлекет есебінен өтеген.

Жоғарыда Үкіметке ұсынылған шешу жолы екі тарапқа да оң нәтиже алып келуі мүмкін. Үкімет бұл шешімнен не ұтады? Ең маңыздысы халқымызға төніп тұрған жаппай жұмыссыздық мәселесін шешуі мүмкін. Сондай-ақ, жұмыссыздықтан туындайтын кедейшілік, қылмыс секілді мәселелердің алдын алуға көмектеседі. Халықтың қолында қаржы пайда болып, қызмет көрсету саласына да үлкен сұраныс тудырады. Стратегиялық маңызды осы шешімнің ұзақ мерзімді тұрғыдан мемлекетке әкелетін оң әсерлері өте көп. Экономикаға еш құндылық әкелмейтін жұмыссыздарға әлеуметтік төлем төлегенше, елге салық әкелетін қызметкерлердің жалақысын субсидиялаған әлдеқайда тиімді екенін мемлекет түсінгені абзал. Сонымен қатар, бұл шешім шағын және орта бизнестің дағдарысты жылдам еңсеріп, өздерінің қалыпты операциясына тезірек қайта келуіне де жол ашпақ.

informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

18 + 19 =

x
2023-12-08
Утром-9.93 ℃
Днем-8.16 ℃
Вечером-11.04 ℃
Ночью-13.96 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1042
Скорость ветра3.94 м/с
2023-12-09
Утром-11.33 ℃
Днем-9.97 ℃
Вечером-9.34 ℃
Ночью-9.67 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра5.35 м/с