«Кейбір адамдар газ қосу үшін несие алуда»: БҚО кентінің тұрғыны газдандыру бағасына наразы

БҚО-дағы Достық ауылының тұрғыны жеке үйлерді газдандырудың жоғары бағасына шағымдануда. Оның айтуынша, газ құбырын жерден шығару үшін мердігер 300 мың теңге соманы талап етеді. Мердігер бағаны толығымен негізделген деп атайды.

Қажетті жерге жеткізілген құбыр әзірге газ бере алмайды — Ашғалидің айтуынша, қызмет бағасы тым жоғары.

Ашғали Әділгерей Достық ауылында әкесіне арнап үй салды. Ер адамның айтуынша, үйдің құрылысында газ қосу үшін миллион теңгеге жуық қаражат жұмсауға тура келеді.

– Біздің мердігер 300 мың теңгені тек жерден құбыр шығару үшін талап етеді (газ құбыры жер астымен келіп тұр- ред. ескерт.). Оған қоса тағы 150 мың теңге «РайГазға» қажетті құжаттарды алу және қазандыққа газ жеткізу үшін төленеді. Материалдарды, құбырларды және басқаларды да өз есебінен сатып алу керек. Нәтижесінде жарты миллион теңгеден астам сома алынады, – дейді Ашғали.

Оның айтуынша, үй салып жатқан адамдардың көпшілігі газдандыруға несие алуда, өйткені оларға қаражат жетіспейді.

– Ауылдың өзі газдандырылған, бірақ жаңадан салынған үйлер бар, оларға да газ жеткізу қажет. Көптеген адамдарда ақша жоқ, нәтижесінде үй салынғаннан кейін олар газ қосуға мүмкіндігі жоқ электр қуатында тұрады. Немесе осындай үлкен бағамен газдандыру үшін несие алады, — деп түсіндіреді ер адам.

Кенттегі кейбір үйлер жоғары бағаға байланысты газсыз отыр.

Достық ауылдық округінің әкімі Әубәкір Төлеуов мердігермен телефон арқылы сөйлесіп, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмады. Оның айтуынша, газ жеткізу бағасы оның құзыретіне кірмейді.

Қазандыққа газ шығару және қажетті құжаттарды алу үшін тағы 150 мың теңге төлеу қажет.

Газдандырумен айналысатын мердігер және «Кварц» ЖШС иесі Владимир Харченко бұл қызметтің бағасы қалыпты деп түсіндірді. Оның үстіне, компанияның пайдасы тек 12% ғана, бұл компанияның банкротқа ұшырауына өте жақын.

— Осы қызметке баға қалай қалыптасатынын қараңыз. Бізде 7 газ тарату шкафтары бар, олардың әрқайсысына шамамен 230 абонент келеді. Бір газ тарату шкафына құжаттар жасау үшін 3 миллион теңге қажет. Осындай бір шкафқа газ құбырын өткізу үшін тағы 45 миллион теңгеге жұмыс қажет. Салық пен сметаның артықшылығы және осындай бір шкафтың бағасы шамамен 70 миллион теңгеге тең. Бұдан әрі біз осы шкафтың құнын абоненттер санына, яғни 70 000 000/230-ға бөлеміз. Шыққан сомасы 300 мың теңге, жерден газ құбырын шығару бағасы. Осы әрекеттерден біздің компанияның пайдасы тек 12% ғана, ал ҚР Заңнамасы бойынша, егер компанияның пайдасы 11% төмен болса, ол банкрот деп танылады, – деп түсіндірді Владимир.

Мердігердің сөзіне қарағанда, газ құбырын шығару бағасы әбден қисынды және негізді болып табылады.

Бағаны салыстыру үшін біз OLX-да газ жеткізумен айналысатын басқа фирмаға хабарласуды шештік. «ГАЗГИД» ЖШС-нің қызметкері Құрес кентте және қалада газ қосу бағасының айырмашылығы неде екенін түсіндірді.

— Кейбір кенттерде газ бір газ құбырынан емес, тікелей мердігердің өзі қосады, сондықтан оның бағасы қалалыққа қарағанда жоғары болуы мүмкін. Егер қалада құбырдың жерден шығарылу бағасы 30-45 мың теңгені құраса, онда бұл қызмет 150-200 мың теңге болуы мүмкін. Дегенмен, 300 мыңның бағасы шынымен жоғары. Шартты түрде мердігер газ бен газ тарату шкафтарын қосуға, материалдар мен т.б. сатып алуға белгілі бір соманы жұмсайды, сондықтан оған кент тұрғындарынан белгілі бір пайда табу керек — деді ол.

Қазір Ашғали Әділгерей ауыл тұрғындарының қолдарын жинап, БҚО әкімдігіне қызмет көрсетудің жоғары бағасына шағымдануды көздеп отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

five × one =

x
2023-12-10
Утром-11.55 ℃
Днем-10.5 ℃
Вечером-10.23 ℃
Ночью-11.51 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра6.42 м/с
2023-12-11
Утром-13.5 ℃
Днем-12.3 ℃
Вечером-13.65 ℃
Ночью-16.23 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра7.3 м/с