Орал қаласының тұрғындары қала әкімдігінің алдында жиналды. Олар қала әкімімен кездесуді талап етеді (ФОТО, БЕЙНЕ)
Орал қаласының бірнеше ондаған тұрғыны еркін жүріп-тұрудың алғашқы күні қала әкімдігіне келді. Олардың барлығы төтенше жағдай режимі мен карантин кезінде мемлекеттен қаржылай қолдау ала алмады. Жиналғандарды әкімдікке екі сағаттай жібермеді.

Қала әкімдігінің алдында наразы адамдар жиналғаны туралы редакцияға бүгін қалалық әкімдікке тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қалай беруге болатынын білу үшін келген Нұрлан Ахметов хабарлады.
— Бір сағат бойы тұрмын. Кіру алдында 30-40 шақты адам. Барлығы қала әкіміне кіргісі келеді. Бірақ бәрімізді де жібермей тұр. Бізге 50-02-55 телефонына хабарласыңыз дейді. Бірақ бұл телефонға қоңырау шалу мүмкін емес. Бізді Қалалық әлеуметтік бөліміне, ол жерден Нұр Отанға, одан ТКШ бөліміне барыңдар дейді. Бірақ Нұр Отан жабық, ал ТКШ – да бізді кері жібереді, – дейді Нұрлан Ахметов.

Қала әкімдігіне кірер алдында ондаған адам тұрып қалды. Олардың көпшілігі карантин кезінде оларға 42500 теңге төлеуден бас тартқаны үшін әкімдікке келгендер.
— Менің үш балам бар. Үлкені 15 жаста, кішісі 7 жаста. Карантинге дейін мен базарда сатушы болып жұмыс істедім. Мен күніне 1500 теңге алып тұрдым. Менің күйеуім де базарда арба сүйреп табыс тапты. Карантин жарияланғаннан кейін, біз өмір сүруге қаражатсыз қалдық. Осы уақытқа дейін өзімнің туыстарымнан және таныстарымнан қарызға ақша алып келдім. Бірақ қазір олар маған қарыз бермейді. Олардың өздерінде де ақша жоқ. Тіпті интернет төлеуге ақшамыз жоқ, балаларымыз қашықтан оқи алмауда. Мен 42 500 теңгеге екі рет бердім, және маған екі рет бас тарту келді. Жүйе менің және күйеуімнің табыс көздері бар дейді. Сондықтан мен бүгін әкімдікке келдім. Оларға қалада тамақ алуға ақшалары жоқ, мен және менің отбасым бар екенін айтқым келеді, — дейді жас әйел Лунара Атошева.

Ол әкімдікке күйеуімен бірге келді. Оларды, сондай-ақ басқа да келушілер сияқты кезекші полиция қызметкері ғимараттың ішіне кіргізбеді.
Сондай-ақ, тағы бірнеше жергілікті кәсіпкерлер саудаға рұқсат алу үшін әкімдікке келді.
– Мен квас саудасына рұқсат алғым келеді. Бірақ телефондары жауап бермейді, әкімдіктің электрондық мекен-жайына үш хат жібердім жауап жоқ.Бүгін әкімдікке келіп, біреуі шығып, түсініктеме береді деген үміттемін,-дейді орта жастағы ер адам.
Қала әкімі аппаратының басшысы бастаған бірнеше қызметкер 20 минуттан кейін әкімдіктен шықты. Олар адамдарды олардың сұрақтарына қарай топтарға бөлді. Барлық топтар кабинетке шақырылды,осылайша келген адамдарды әкімдік қызметкерлері кабинеттерге бөліп алды.

— Сіздер (журналистер) келген соң ғана олар бізге шықты. Бұған дейін бізге полицейлерден басқа ешкім шықпады, – деп атап өтті әкімдік ғимаратының алдында болған жас жігіт.
Орал қаласы әкімдігінің бөлім басшысы Ербол Көшеков, қазір төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін мұндай топтар күн сайын әкімдікке келетін болады деді.
— Адамдар көрсетілген телефондар бойынша хабарласа алмайды. Мен сіз арқылы жұртшылыққа жүгінгім келеді. Коммуналдық қызметтер үшін 15 000 теңге өтемақысын төлеуге өтінім беру туралы білгісі келетіндер үшін Сізге әкімдікке келудің қажеті жоқ. Біз www.15000.kz сайтын құрдық, онда кез келген адам барлық ақпаратты өтінім беріп, оны қарау барысын қадағалай алады, — деді Ербол Көшеков.
Лұқпан Ахмедьяров
фото және бейне Рауль Упоров