Оралдық фермер қала әкімдігін сотқа беріп, жеңіп шықты
Азаматтық сотта Жолдыбай Қабесовтың талап арызын қала әкімінің іс-әрекетін заңсыз деп танып, қанағаттандырды.

Бұл туралы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында адвокат БҚО адвокаттар алқасының мүшесі Мереке Ғабдуалиев жазды.
Мереке Ғабдуалиевтің айтуынша, Орал қаласы әкімінің 20 ақпандағы қаулысымен Жолдыбай Қабесовке, жер телімін жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартылды.
— Жер учаскесін жалға алу және онда көкөніс пен бақша дақылдарын өсіру фермерге табыс көзі болып табылады және еліміздің азық — түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, — деп есептейді Мереке Ғабдуалиев.
Адвокаттың айтуынша, жер учаскесін жалдаудың алғашқы бес жылында Жолдыбай Қабесов 700 метр 3 фазалық электр желісі мен 800 метр су арнасы жүргізген. Сондай — ақ өз учаскесінде су-сорғы станциясын орнатты. Жолдыбай жалға алынған учаскеде өсірген өнімді ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде сатады.
Мереке Ғабдуалиев өз парақшасында:
«Шенеуніктердің әрекетіне байланысты Жолдыбай Қабесов көктемгі егіс жұмыстарына уақытында кіріспейді деген қауіп бар. Алайда,ТЖ режимі қарамастан Орал қаласының № 2 Соты судья А. Т. Әбілкәрімованың төрағалығымен берілген талап-арызды уақтылы және жан-жақты қарап, Орал қаласы әкімінің 20.02.2020 жылғы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартудан бас тарту туралы қаулысын заңсыз деп таныды. Сондай-ақ, Орал әкімін жол берілген бұзушылықтарды толық көлемде жоюға және бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге міндеттеді.»деп жазды.
Мария Драчева
