БҚО-да жұқтырғандар саны 266-ға дейін артты. 112 адам ауруханадан шығарылды
Бүгінгі күні БҚО-да коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 11 оқиғасы анықталды. Ауырғандардың барлығы Атыраудағы Теңіз кен орнынан келген вахталық жұмысшылар. Қазіргі уақытта 112 адам сауықтырылды.

Алғашқы 10 оқиға — Теңіз кен орнынан келген вахталық жұмысшылар, олардың барлығы БҚО тұрғындары. Көрші аймақтан келумен байланысты олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық зерттеулерге сынамалар алынды.
Коронавирус сондай-ақ СОVID-19 ауруымен ерте байланыста болған 31 жастағы БҚО тұрғынынан табылды. Зерттеу нәтижелері бойынша барлығында коронавирус расталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді. Бүгінгі күні БҚО-да 112 адам сауығып кетті.
Алексей Воробьев
