Қазақстанда енді «Оралмандарды», «ҚАНДАС» дейді
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы көші-қон процестерін реттеу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.

Тарихи отанына оралған қазақ-репатрианттар бұрын «оралмандар»деп аталғаны белгілі. Бұл оралғандар дегенді білдіреді. Енді бұл сөзден бас тартты. Этникалық Отанына қоныс аударған адамдар «қандас» деп аталады.
Жаңа заң бойынша 1991 жылдан кейін туған, бұрын Қазақстан азаматы болмаған азаматтар да «қандас» мәртебесін ала алады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде биылғы жылы оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1 378 адамға белгіленгені, бұл өткен жылмен салыстырғанда 653 адамға аз екені хабарланды.
Сонымен қатар, министрлікте қоныс аударушыларға субсидия беру түрінде қолдау көрсетіледі деп атап өтті:
1. Көшуге-отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК (84,2 мың теңге) біржолғы төлем.
2. 12 ай ішінде ай сайын төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды жабу үшін – отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін (36,1-ден 72,2 мың теңгеге дейін).
29 жыл ішінде 313 256 мың отбасы тарихи отанына оралды және «оралман» мәртебесін алды.
Айта кету керек, «Көші-қон үдерістері туралы» жаңа заң бойынша тұруға рұқсат беру ережелері өзгерді. Енді шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру үшін мемлекеттік баж төлеу керек. Төлем мөлшері 4 АЕК (11, 1 мың теңге) құрайды.
Сондай-ақ, бизнесмендердің заңсыз еңбек қызметіне көшіп келушілерді тарту фактілеріне байланысты оларды маусымдық қызметкерлерге теңестіру шешілді. Шетелдік жұмыс күшін тартудың қолданыстағы жүйесі бойынша айына 8 АЕК (22,2 мың теңге) салық алымын төлеу көзделеді. Бұл ретте, маусымдық жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін кәсіптер тізбесі тартылуы мүмкін.
Сонымен қатар, заң шетелдік білікті қызметкерлерді қазақстандық кадрлармен ауыстыру бойынша жұмыс берушілерге міндеттеме жүктейді. Ішкі еңбек нарығында мамандар болмаған жағдайда шетелдік жұмыс күшіне рұқсат беріледі.
Мария Драчева